Ерсін ӘМІРЕ: Діни сауатты адам жаза баспайды

- Рамазан айында тұтқан оразаңыз қабыл болсын! Биылғы ораза шіліңгір шілдемен қатарлас келді. Жалпы ораза кімге парыз және ыстықта ораза тұту жамағатқа қиын болмайды ма?

-  Діни тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс, кәмелет жасына толған дені сау мұсылманға  ораза тұту міндетті болып табылады. Ыстық күнде ораза ұстауға келсек,  әлбетте, қысқы ораза мен жазғы ораза екеуі  екі бөлек. Қыста ораза тұту жеңіл. Сол үшін қыста ораза тұтушылардың саны артады. Ал жаздың ыстық күнінде сабыры мен шыдамы мықты адамдар ғана ұстайды. Дініміздегі ережеде «Іске берілетін сауап сол істің жеңіл-қиындығына байланысты» делінеді. Демек жаздағы оразаның сауабы артығырақ. Рамазан - мейірімділікке толы ай. Шын беріліп ораза ұстаған жамағатқа Алла өзі жеңілдік береді. 

- Теологиялық біліміңізді қай білім ордасында жетілдірдіңіз?

- Мен Ливан еліндегі Триполи университетінің ислам ғылымдары және шариғат факультетін тәмамдағанмын. Қазіргі таңда Мысыр елінде теология бойынша сырттай магистратурада оқимын. 

- Облысымызда 3 теолог жұмыс жасап жатқанын естідік. Бүгінгідей дін мәселесі өткір тұрған кезде жағдайды қалыпқа келтіру қаншалықты еңбекті талап етеді? 

- Республика бойынша, оның ішінде, Атырауда маман тапшы. Сол себепті мүмкіншілігіміздің шеңберінде барлық аудандарды қамтуға тырысып бағудамыз. Жастарды діни сауаттандыруға жұмыстанудамыз. Келген екі ай уақыт ішінде 200-дей кездесулер өткіздік. Өткізілген дәрістердің барлығы аудиотаспаларға жазылып, таратылатын болады. Біздің алға қойған негізгі мақсатымыз - жергілікті тұрғындар арасынан, теологтар мерзімі келіп облыстан кеткен күнде, жұмысты әрі қарай жалғастыру әлеуетіне ие діни сауаты жоғары жамағат қалыптастыру. Мәселені басқаша шешу мүмкін емес.

- Соңғы уақыттарда бейіттерді бүлдіріп, бұзып кету фактілері жиі кездесуде. Осыған кімдер барады?

- Бұл – діни сауатсыздардың әрекеті. Арнайы мамандардан, сенімді білім көздерінен білім алмағандықтан орын алады. Көбіне, сәләфилік бағыттағы уағызшылардың уағызын тыңдап, соларға ергендердің тарапынан көрініс табуда. 

- Бейіттердің жанынан өтіп бара жатқан жандар беттерін сипап дұға жасап өтеді. Осыны соңғы кездері жастар өкілдері «Аллаға серік қосу» деп айтып жүр. Кімдікі жөн?

- Негізінде бет сипау – дұға әдептерінің бірі. Қабірдің жанынан өтіп бара жатқан кезде, «қабір иелерінің күнәсі болса, Алла Тағала кешір» деп бір Алладан дұға тілеу керек. Мұсылмандар қабір иелерінен емес, қабір иелері үшін Алладан дұға тілейді. Осы екі жайтты шатастырмау керек. Біз күнделікті намаздарымызда: «Алла, саған ғана құлшылық жасаймыз, сенен ғана жәрдем тілейміз» деп Аллаға уәде береміз. Діни сауатсыздықтың салдарынан қабір иелерінен қажетін сұрап жүргендерді бас салып «Аллаға серік қосуда» деп айыптамастан, оларға дұғаның шариғатқа сай формасын үйрету керек.

- Қазір жер-жерде, жарнамаларда «жолыңды ашып, болашағыңды болжап беремін» дейтін көріпкелдер қаптап кетті. Көріпкелдерге бару дұрыс па?

- Сол адамдар шынымен де жол ашатын болса, өздерінің жолын ашып, өзі-ақ байып кетер еді. Бақсы, балгерлерге сену, бару Алланың алдында үлкен күнә әрі қателік болып табылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) хадисінде: «Кімде-кім бақсы, көріпкелдерге баратын болса, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды», екінші бір хадисте «Кімде-кім бақсы, көріпкелдердің сөзін растаса, ол адам Пайғамбарға түскен құранға қарсы шыққан болады» дейді. Мұсылман адам олардан аулақ болуы тиіс. 

- Өткен әзірде «облыс аумағында терроризмді насихаттап, кәмелетке толмаған балаларын ұрып-соқты, жәбірледі» деген күдікпен қамауға алынған азаматша 7 жылға түрмеге тоғылғандығынан хабардар шығарсыз...

- Иә, ол әйелдің баласын лаңкестік әрекетке дайындағаны – жантүршігерлік жайт. Бұл - дінді айтпағанда, тіпті адами қасиетке сыймайтын әрекет. Жақында іссапармен Жезқазған қаласында болғанмын. Ол жақтан 40-қа жуық аталмыш топтың күмәнді уағыздарына еліктеп ерген қаракөз бауырларымыз жихад  деп Сириядағы соғысқа кетіп қалған. Кетеміз деп жүргендері қаншама? Ал шын мәнінде, араб елдерінде болып жатқан қақтығыстар үлкен саяси ойындардың жемісі екені белгілі. Олар сол елдерге барғаннан кейін, өз істерінің дұрыс емес екеніне көзі жетіп жатады. Мысалы, Ауғанстандағы соғысқа барған, санасы уланған еліміздің кейбір азаматтары әзер дегенде елге оралып, қазіргі таңда өкініп, опық жеп отыр. 

- Жастарымыздың жат ағымның жетегіне еріп, адасуының басты себебі не?

- Басты себеп – діни сауатсыздық және дәстүрлі ұстанымды тиісті деңгейде уағыздайтын мамандардың тапшылығы. Оның үстіне мешіттерімізде қызметкерлер саны шектеулі. Ал мешітке келушілер саны күн санап артуда.  Жат ағымның жетегіне ергендер, мешітке жаңадан келген жамағатты байқап, онымен танысып, үйіне дейін шығарып салып, өздерінің идеологияларын үгіттейді. Имамдарды сынап, жаңадан намаз үйреніп, мешітке қадам басқан жамағаттың жүрегіне күмән салады. Одан кейін кітаптар, дискілер сыйлайды. Жамағат тарапынан орын алатын бірінші қателік, сондай сәтте олардың берген әдебиеттерінің дұрыс-бұрыстығын мешіт имамдарынан анықтап, сұрап алмайды. Бұған қоса жат ағымдағыларды қолдап тұрған елдер бар. Сыртқы күштердің қолдауының орасан әсерін ешкім жоққа шығара алмас. Қазіргі таңда мешіттерімізде осындай теріс пәтуаларды жүректеріне сіңіріп қалған жастардың, имам уағыз айтып жатқанда құлақ салмай, құлақтарына тыңдағыш (наушник) киіп алып, өздерінің шейхсымақтарының уағыздарын тыңдап отырғанын көптеп көресіз. Олар өзгені тыңдамайды, тыңдаса, өздерінің қателікте жүргендерін түсінер еді. Жастардың жат ағымға кетуінің тағы бір себептерінің бірі – кейбір азаматтардың ақ пен қараны ажыратпастан, дін мемлекеттен бөлек дегенді сылтауратып, кез келген діни сипаттағы көріністерге қарсы шығуы. Мұны мен «зайырлы радикализм» деп атаймын. Олар тіпті дәстүрлі емес діни ағымдағы мен мешіт имамының үйретуі бойынша үйренген дәстүрлі ұстанымдағы намаз оқушыны ажыратып жатпай, түгелімен намаз оқуға қарсы әрекеттерге барады. Мысалы, Қарағандыда мешіт имамынан дәріс алып жүрген дәстүрлі ұстанымдағы бойжеткенді колледж директоры «орамал тақтың», - деп оқудан шығарып жіберген. Мұны жат ағымда жүргендер «құрметтеп жүрген мемлекетің сенің ұстанып жүрген дініңді аяққа таптап жатыр» деп, бойжеткенді өз қармақтарына түсіреді. Көріп тұрғаныңыздай, зайырлы радикализм де діни радикализмге итермелейді. 

- Әңгімеңізге рақмет!

Арайлым НҰҒЫМАНОВА
"Мұнайлы Астана"
республикалық қоғамдық саяси газеті

19.07.2013

   
   
 


Комментарии
+16
К. муслима
15:3219.07.2013
 
Барлық мадақ Алла Тағалаға! Алла Тағалаға сансыз үшкірліктер! Алла Тағала пенделерін тастамайды! Айтушысын жібереді! Әміре Ерсінге, сізге Алла разы болсын дейміз! Сіздерге дінді таратуда Аллах көмектессін дейміз! Алла Тағала имамдарымызды әрқашанда тура жолмен жүргізіп, оларды біз ойлағаннан да әлдеқандай жоғары дәрежеге жеткізсін және халыққа берекетін берсін!
 
 
--12
 
Все хвалит Ерсина. Но на такие вопросы я бы тоже ответил. Вообще то имам нашей маленькой мечети ответил бы намного лучше , грамотнее, вот у него бы учиться всем.
Это чисто мое мнение, Аллах знает лучше!
 
 
+7
muslim
10:3809.12.2013
 
The Spectator, вы не Ерсин и вам далеко до него, как до звезды. Поэтому нам будет не интересно как вы ответите на эти вопросы. Одно дело когда отвечает человек, который имеет шариатское образование и имеет иджазы. И это чисто мое личное мнение.

Насчет вашего имама, инетресно а о каком имаме идет речь у которого стоит учиться всем?
 
 
--7
 
)Брат не сотвори себе кумира! Откуда Вы знаете как я отвечу?))

Насчет нашего имама, когда он жума намазы проводил многие из Вас (извините меня) еще под столом бегали))
 
 
+5
muslim
11:0809.12.2013
 
Мне даже не интересно как вы на это вообще ответите )) Думаю тут никому это не инетерсно )))

Вы так и не ответили на вопрос, о каком имаме идет речь? То, что имам проводил пятничные проповеди в то время, когда я бегал под столом, то это похвально. По всей видимости вы сделали акцент на возраст. Но лично для меня это еще ничего не значит.
 
 
--6
 
Я не гордый, поэтому мне интересно как Вы ответите.

Возраст для Вас ничего не значит? А как же Ваши родители?))
 
 
+3
muslim
11:2609.12.2013
 
The Spectator, в отличии от вас я не писал "Но на такие вопросы я бы тоже ответил". так что не нужно перекидывать стрелки ))

Насчет моих родителей, то я испытываю к ним уважение. Но это дело не в возрасте, поверьте. Для меня возраст ничего не значит.
 
 
--11
 
Вот я сейчас слушал его диспут (не полностью правда), может он правильно говорит, но голос егооо, есть ему еще над чем поработать, а у нашего имама четко поставленный голос, советую всем послушать его!
 
 
+4
 
The Spectator, Ассаламу алейкум. Может вы уже напишите имя вашего тайного имама? А то все время пишете наш имам, наш имам... кто этот имам?
 
 
+4
muslim
11:3409.12.2013
 
Это тайна покрытая мраком ))
 
 
+4
 
И еще к вам просьба№ Напишите где учился и сколько учился. Какими Шаригатскими знаниями он владеет? Алла разы болсын.
 
 
--8
 
Это не тайна, тем более не покрыто мраком) Его зовут Баке. Полное имя не буду говорит, потому,что Вы его всеравно не знаете! Аллах знает лучше
 
 
+4
muslim
11:5309.12.2013
 
Чего и следовало ожидать ))
 
 
+4
 
Бәсе... ну мы примерно так и думали.
 
 
--10
 
Ассалаумагалейкум брат,) Какая разница как его зовут, имам имаму рознь что ли, он аттестацию прошел, весь жамагат нашей мечети считают его хорошим имамом! Я думаю мнение такого количество мусулман достаточно чтобы его мы считали лучшим чем Ваш Ерсин!)
 
 
+5
 
Почему вы думаете что он лучше ұстаза Ерсін Әмре. Если честно, если вашего имама инкогнито признали джамагат вашей мечети, а нашего (как вы выразались) устаза Ерсін Әмре признают почти во всем Казахстане. Делайте вывод сами. И не надо делать поспешных вывод, вы личное не знакомы с устазом Ерсін Әмре.
 
 
+9
 
«Скажи: “Разве равны друг другу те, которые знают, и те, которые не знают?”» (Св. Коран, азЗумар, 39:9)

Пророк (мир ему и благословение Аллаха) сказал: «Превосходство ученого над поклоняющимся подобно моему превосходству над самым нижайшим из вас».
«Поистине, Аллах, Его ангелы, обитатели небес и земли, и даже муравей в муравейнике и киты в море призывают благословения на обучающего людей благому». ат-Тирмизи 2685

“Поистине, плоть ученых отравлена, и то, что случится с тем, кто их порицает, известно! Аллах умертвит сердце того, кто отзывается плохо об ученых, прежде чем он умрет сам”. Ибн Асакир, “Табайин кизб аль-муфтара” 27.

Ерсін ұстаз еще не ученый, но он Толибуль 'Ильм, и обладает знаниями в куда большей степени, чем мы, простые мукалляфы. Ин шаа Аллах, он станет ученым. Его труд уже приносит большую пользу нашей казахстанской общине. Будьте осторожны в выражениях. Не обнажайте так откровенно свой уровень адаба.
 
 
--1
Yakin
22:0906.12.2015
 
Ассалаумағалайкум, сестра. Очень понравился ваш ответ. У меня вопросы к вам, как к сестр4 мусульманке. Напишите мне на почту, пожалуйста: nur-melek@mail.ru
 
 
+1
 
Спасибо за выдержанный замечание Сестра, Вы правы прошу меня извинит если я позволил себе лишнего. Просто весь сайт начал смеяться, а я обывательском уровне просто высказал свое мнение).

Нашего Бас имама зовут Бекайдар, он служит в мечети " Сеиткарим Кажы". Мир Вам.
 
 
+4
 
И вам мир!
 
 
+10
 
Уа алейкум ассалям! Брат The Spectator решил разыграть нас. :)

Бекайдар Әміре - отец Ерсіна Әміре Бекайдарұлы.

Ерсін Бекайдарұлы был главным имамом мечети "Сеиткарим Кажы".

http://www.youtube.com/watch?v=DfWi_KUc_hs
http://www.youtube.com/watch?v=KsHFqoOqC-w
http://www.youtube.com/watch?v=z7JPEJuowO0
 
 
+4
muslim
14:2309.12.2013
 
Ассаляму алейкум.

Не вижу и капли юмора или шутки в первом сообщении Спектатора

"Все хвалит Ерсина. Но на такие вопросы я бы тоже ответил. Вообще то имам нашей маленькой мечети ответил бы намного лучше , грамотнее, вот у него бы учиться всем.
Это чисто мое мнение, Аллах знает лучше! "

Если это розыгрыш или шутка, то вообще не в тему. Я знаю отца устаза Ерсина. И сравнивать их вообще не имеет смысла и логики.
 
 
+5
 
Уа алейкум ассалям, брат muslim .

Брат The Spectator, прошу вас ответит причину вашего действия.
 
 
+9
abdullah Galymzhan
14:4409.12.2013
 
made in Chimkent :)
 
 
+7
 
Вы так не шутите ) мы за ұстаза Ерсіна горой )
 
 
+6
 
Емае чуть не отписался ) кровь нахлынуло
 
 
+5
 
))) сабыр бітейндеп қалды ма?)))
 
 
+6
 
ия ) Қаным басыма шауып)) Қазақ Адамұлы жазбағанда кететін еді арыстан шабуылға)
 
 
+1
ashat2014_забанен
23:0914.01.2014
 
асаляму алейкум
брат Ерсин - сильный толибуль 'ильм, и к нему надо относится с соответствующим уважением!
мое к нему пожелание - продолжать свою учебу до конца своей жизни на этом свете!
кстати, на счет обтирания лица после ду'а, в этом вопросе есть разногласие...хафиз Ибну Хаджар дозволил это, назвав хорошим (хасан) хадис об обтирании лица после ду'а!
 
 
+1
Muslima
20:0224.01.2014
 
Ма шаа Аллах,Алла разы болсын сизге.
 
 
+1
Nurbek_85
19:0328.09.2014
 
Діннің жанашыры, қорғаушысы, ары-қарай көркейтуші екі имамды "ит таластырғандай" мазақ қылғандарың не? лағнет шайтан біреулерді джостик сияты қолданып отыр... бұл қасірет!
 
 
Статья закрыта от комментирования

Интервью

 

Сейчас обсуждают

Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Уа алейкум ассалям уа рохматуллахи уа баракатуху!Вступить в наше Сообщество может любой желающий,...
22.08.2016 12:51
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Из истории: Наказание за убийство мусульманина ✅
Посланник Аллаха (саллаллаху алейхи ва саллям), прежде чем отправиться из Лучезарной Медины, направил Абу Катада (радыйаллаху анху) в сторону Наджда с отрядом, дабы ввести врага в заблуждение. Когда...Читать далее
533
 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
664