Тым болмаса, осы Айтта өзіңізді селфиден қорғаңыз

00

04.07.2016018540
Мен Оксфорд ағылшын тілі сөздігінің «селфи» сөзін 2013 жылдың сөзі деп атағанына таң қалған жоқпын. Алайда, соңғы екі жыл ішінде оның қолданылуы мыңдаған есеге артты-ау, шамасы. «Селфи» деген не өзі? Бұл өз-өзіңді шомылдыру деген сөз бе, әлде өзіңді ерекше жақсы көру дегенді білдіреді ме? (аудармашының ескертпесі – ағылшынша «селфи» сөзі  «селф» (self) - «өзім», «өзімнің жеке тұлғам» деген сөзден шыққан). Суреттерін тек төлқұжаттары мен басқа да ресми құжаттардан ғана көруге болатын бақытты жандарға түсіндіріп кетейін, селфи дегеніміз – адамның әдетте смартфондағы немесе планшеттегі камераның көмегімен өз-өзін  түсіруі, содан соң сол суретті Instagram немесе Facebook сияқты әлеуметтік желілерде жариялайды.

Жақында ғана адамдар жеке өмірлерін барынша қорғаштап бағушы еді. Жеке күнделіктеріне тіпті туған аналарын да жолатпайтын – кілттеп қоятын! Бірақ, бүгін бәрі өзгерді. Біздің жаңа телефондарымыз кәдімгі камералармен ғана шектеліп қоймай, сапалы алдыңғы және артқы камералармен және сан қилы бейнеқосымшалармен жабдықталған. Технология дамыған сайын біз ар-намысымыз бен адами құндылықтарымызды ысырып қана қоймай, соны қалай жасайтынымызды бүкіл елдің көргенін қалаймыз. Ұсақшыл, атаққұмар болып кеткеніміз соншалық, бүкіл әлемнің біздің өміріміздің бүге-шігесіне дейін хабардар болғанын қалаймыз. Ал, әлемнің есі ауысқаны сондай, адамдарды өз өмірлеріне қарағанда өзгенің өмірі көбірек қызықтыратын болды. Сонымен, бұл Айтта әлеуметтік желілерде Ахмад пен Сумайяның селфилерін, сәнді киімдерімен айнаның алдында қисынсыз күліп түскен суреттерін көре аласыздар. Сондай-ақ,олардың осы мерекеде не істейтіндерінің бәрін, мерекелік дастарханнан бастап, саябақта отбасыларымен серуендегеніне дейін көре аласыздар.

Танымал жұлдыздардың, актерлердің, әншілердің, киножұлдыздардың суреттерін сағаттап тамашалау, содан соң соларға ұқсамақ болып, солар сияқты суретке түсу – біздің ұрпағымыздың індетіне айналды. Көптеген адамдар жатын бөлмелерінде немесе жуынатын бөлмелерінде ерсі, әбес түрлерімен суретке түсіп, оларды сол сәтте Алла Тағаланың көріп тұрғанын ұмытып кетіп жатады. Содан соң сол ұятсыздықты Ғаламторға шығарып, өзгелердің пікірлерін асыға күтеді. Мыңдаған жас қыздар мен әйелдердің жігіттері немесе күйеулері неше түрлі ұятсыздықты көріп алып, оларды ашық-шашық күйде немесе мүлде лыпасыз түрлерімен суретке түсуге мәжбүрлейді. Өз-өзіңді суретке түсіруге деген мұндай әуесқойлық басында миы, кеудесінде жаны бар адамдарды сыртқы келбеті ғана көрінетін екі өлшемді суреттің кейіпкерінің дәрежесіне дейін төмендетуде.

Селфиге әуестенудің жоғары деңгейге жеткені соншалық, селфиге қалай жақсы түсуге болатынын толық түсіндіріп беретін сайттар пайда болды: көзіңіз үлкенірек көрінуі үшін немесе иегіңіз жіңішке болуы үшін камераны басыңның үстінен қалай ұстап тұру керек дегендей. Маңызды, бірақ, жағымсыз хабар алғандай аузыңызды аңқайта ашуыңыз керек, құштарлық сезімін басыңыздан кешіріп жатқандай күйге түсуіңіз керек. Селфиіңізді достарыңызға жіберіп, содан соң суретіңіз Ғаламтор арқылы бүкіл дүниежүзіне тарап кеткен жағдайда туындауы ықтимал жағымсыз жайттардың алдын алу үшін оны он секундтан кейін автоматты түрде өшіретін Snapchat деген ғаламтор қосымшасы да пайда болды. Көркіңіз көз сүріндірерлік болса, соған сәйкес талай «лайкты» қанжығаңызға байлайсыз. Бір қарағанда, мұның ешқандай зияны жоқ көрінуі мүмкін, бірақ, лайктың орнына кері пікірге тап болса, сол «сұлудың» қандай күй кешетінін елестетудің өзі қиын. Қазіргі кезде жас жігіттер мен әйелдер өз-өздеріне баға беруге келгенде өте сезімтал болып кеткендей ме, қалай? Базбіреулер өз-өздерін Твиттер мен Фейсбуктағы достарына зат сияқты сатып, бүкіл ғұмырын камераның алдында өткізуде. Олар өздерінің нағыз психикалық дертке шалдыққандарын және солардың суреттерінің астынан лайкты басатын адамдардың олар үшін ешқашан шын жүректен қуанбайтындарын түсінбейді.

Мұны мен өзім ойлап тапқан жоқпын, бұлай айтатындар - дәрігерлер мен ғалымдар. Чикагодағы Американың психиатрлық ассоциациясы (АПА) таяуда ғана болған жыл сайынғы директорлар Кеңесінің мәжілісінде селфиді ресми түрде рухани дерт деп тауып, бұл тәуелділікке «өз-өзіңді түсіруге деген және сол суреттерді әлеуметтік желілерде жариялауға деген құмарлық» деген анықтама берді және мұны «адамның өз-өзіне деген құрметтің жоқтығы және жетіспейтін жақын қарым-қатынастың орнын толтыруға деген ұмтылыс» деп атап өтті.

АПА селфиге деген құмарлықты үш категорияға бөлді:

1) Шектеулі: бұл категорияға өз-өздерін күніне, асып кетсе, үш рет суретке түсіретін, бірақ, оны әлеуметтік желілерде жарияламайтын адамдар жатады;

2) Асқынған: өз-өздерін күніне, асып кетсе, үш рет суретке түсіріп, түскен суреттерін әлеуметтік желілерде жариялайтын адамдар, яғни, олар жұртшылықтың мойындауына зәру;

3) Созылмалы: тәулік бойы өз-өзін түсіруге деген және түскен суреттерін күніне алты реттен астам әлеуметтік желілерде жариялауға деген қалауын жеңе алмайтын адамдар, яғни, олар үнемі біреудің назарын қажет етіп тұрады. Психиатрлар анықтағандай, бұл категорияға әдетте эмпатиясы (өзгелерге жанашырлық таныту қабілеті) жоқ және бала кезінде травма алған паң, өзімшіл, қызба адамдар жатады.

Селфиге деген құмарлық психиканың ғана емес, тақуалық пен діндарлықтың да бұзылуы болуы мүмкін. Меккедегі үкімет басы тәуәф жасау кезінде селфиге түсу үшін тоқтап, барлығын іркитін адамдардың бұл қылықтарына шындап алаңдаушылық танытып отыр: «Мұнда кейбіреулер жұма намазы кезінде имамды тыңдаудың орнына намаз оқып жатқан басқа адамдар мен өздерін суретке түсіріп әлек. Бір қиыны, оларға ескерту жасау мүмкін емес, себебі, жұма құтпасы мен намаз кезінде сөйлеуге болмайтыны бәрімізге белгілі», - дейді билік өкілдері. Қажылық жасаушы сондай екі адамнан не үшін олай ететіндері сұралғанда, олар былай деп жауап берген:

«Мен бұл ерекше сәтті, умра жасып, Қағбаны өз көзіммен көру мүмкіндігіне ие болатын сәтті он жыл бойы тағатсыздана күттім», - дейді Пәкістаннан келген Әбдуррахман Ясин, - «сондықтан, әрдайым менің жанымнан табылатын жазба жасап алғым келеді, сол үшін селфиге түсіп жүрмін. Бұл өмірімде ұялы телефоныма түсірген ең керемет сурет шығар, сірә». Бірақ, оның Меккеге барғанын білу үшін Жаратушысына оның селфиінің қажет емес екенін Ясин мырза білмегені ме?

Қажылық жасаушы екінші адам, Кувейттен келген Халид әш-Шимрани былай деген: «Қағбаның көрінісі сондай ғажап, осындай жан тебірентерлік күйді басымнан кешіргенімді әлеуметтік желілердегі достарыммен бөліскім келеді». Бірақ, ол сол тебірентерлік сезімнің бәрінен бұрын біздің жүрегімізде сақталуы керектігін білмей ме? Рухани толқыныстан жаның тебіренетін жерде руханилықты ысырып қойып, орынсыз қылық көрсеткеніміз қалай болғаны? Қағбаға барудың туристік жерге барудан ешқандай айырмашылығы болмағаны ма? Раббыңмен кездескеніңе кеудеңді қуаныш кернеп, ерекше күйге бөленуге селфидің қандай көмегі болмақ?

Пенде болған соң өзгелердің мойындауына қол жеткізуге немесе қандай да бір толғанысты сезімнен естелік қалдыруға талпынатынымыз түсінікті де қалыпты жағдай. Бірақ, оған селфидің көмегімен қол жеткізе алмайсың. Біздің мақсатымыз – Жаратушымыздың разылығы, Оның жаратылыстарының емес. Жаратушымызға арнап намаз оқу кезінде ойымызды Одан басқа ешкім де, ештеңе де жауламауы тиіс. Ендеше, суретке түсіп, сол рухани сәттердің шырқын бұзудың қажеті қанша?

Сондықтан, қанеки, ең болмаса, осы жылғы мерекеде әлеуметтік желілердегі селфидің орнына ең тамаша селфиді жасайықшы– махаббатымыз бен шүкіршілігімізді жүрегімізге түйіп, Жаратушымызға ұсынайықшы. Сөйтіп, Оның «лайкын», яғни, разылығын Қиямет Күніне дейін күтелік.

 
____________________


Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
04.07.2016

   
   
 


Статья закрыта от комментирования
 

Сейчас обсуждают

Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Уа алейкум ассалям уа рохматуллахи уа баракатуху!Вступить в наше Сообщество может любой желающий,...
22.08.2016 12:51
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Из истории: Наказание за убийство мусульманина ✅
Посланник Аллаха (саллаллаху алейхи ва саллям), прежде чем отправиться из Лучезарной Медины, направил Абу Катада (радыйаллаху анху) в сторону Наджда с отрядом, дабы ввести врага в заблуждение. Когда...Читать далее
564
 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
697