Шоқтан шығып отқа түсу

00

04.03.201607665
Аталмыш материал – бойымызды аулақ салуға тиісті болған кейбір шектен шығушылықтар жөніндегі біздің бақылауларымыз бен ойларымыздың көрінісі.

Негізі, шектен шығушылықтың кез келген түрінен аулақ болған жөн. Исламда ол құпталмайды. Алайда, зайырлы өмір салтын ұстанатын адамға шектен шығушылық болып көрінетін нәрсенің бәрі діндар адам үшін олай бола бермейді. Мәселен, көптеген «зайырлы» адамдар спирттік ішімдік ішілетін жерге барудан бас тартуды шектен шыққандық деп санайды. Олар: «Сен өзің ішпесең болды емес пе?» дегенді тілге тиек етіп: «Бұл – шектен шыққандық, әсіре діншіл болудың қажеті жоқ», - деп түйеді.

Алайда, біз жұмысымыз бен тәжірибеміз барысында анық және өзекті болған әсірешілдікке назар аудармақпыз. Біз оны мұсылмандардың арасынан айтарлықтай жиі кездестіреміз, талқылап та тұрамыз, бірақ, соған қарамастан, ол жайлы ақпарат аз.

Әсірешілдіктің бірі – ғұламаға, уағызшыға, ұстазға және т.б. деген шексіз махаббат. Алайда, оның күнәдан пәк еместігі, қателік жіберетіндігі және қандай да бір мәселелерде сирек кездесетін пікірді ұстанатындығы анықталса, оның ізбасарларының әбден көңілдері қалады. Бұл дұрыс емес, себебі, Пайғамбарлар, оларға Алланың сәлемі болсын, ғана күнәдан пәк болған, десе де, олар да қателікке бой алдырған. Ерекше пікірлерге келер болсақ, ондай пікірлер үмбетіміздің көптеген ұлы ғұламаларына тән болған. Үмбетіміз күні бүгінге дейін сол ғұламалардың еңбектерінің жемісін жеп, пайдасын көріп келеді.

Белгілі біреуден әбден көңілің қалмас үшін оның қателесуге, сонымен бірге, қателігін түзеуге де хақы бар екенін түсініп, әу бастаноларға қатысты ақылға қонымды көзқараста болу керек. Өйткені, барлық адамдар қателеседі, ал, қателесетіндердің ең жақсылары – тәубесіне келетіндер. Ал, бізде көбінесе былай болып жатады: қандай да бір ғұламаның/уағызшының біз дұрыс емес деп санайтын істі жасағанын немесе біздің пікірімізге яки көпшіліктің пікіріне қайшы келетін пікірді айтқанын көрсек болды, оған «христиандық таңба» басып тастаймыз да, бұрын оныңбойынан табылған, әлі де табылатын пайдалы және дұрыс қасиеттердің бәрін сызып тастаймыз.

Сөйтіп, ағаттық жіберген адамның Әһлү Сүннет мәзһабтарын ұстанатындығына және бүкіл өмірінің исламдық үндеуге арналғанына қарамастан, сол бір қателігіне бола оған «адасушы», «жексұрын неме» деген аттар таңып, Исламның жауы қып шығара жаздаймыз. Бірақ, бзге қате болып көрінетін нәрсенің бәрі олай бола бермейтінін түсініп алған маңызды. Біздің ұстанымымыз да жаңсақ болуы ықтимал, ал, біз үшін «даусыз» болып табылатын мәселелер даулы боп шығуы ғажап емес.

Тағы бір әсірешілдік – көпшілік жақсы көретін толибтерге толықтай, мүлтіксіз дерлік еру. Бұл әсірешілдік алдыңғысына ұқсайды, дегенмен, оның өзгешеліктері бар. Біздің көпшілігіміз шариғи ілімнің студенті де, ғұлама да емеспіз. Сол себепті, біз үшін студенттердің өздері – ғұлама сияқты. Шындығында, олар ғұламалар мен біздің арамыздағы дәнекер іспеттес.

Әлхамдулиллә, көптегентолибуль-ильм (ілім алушылар) алған білімдерін белсенді түрде таратып жүр. Кейде тіпті үйренген жаңа нәрселерін ыстық бәліш секілді сол бойда жұртшылықтың назарына ұсынады. Сондықтан да, біз ғұламаларға қарағанда оларды жиірек көреміз, көбірек тыңдаймыз, керек десеңіз, артығырақ жақсы көреміз. Ал, олар сол ғұламалардың кітаптарынан бізге мәлімет беріп, білім нәрімен сусындатады. Нәтижесінде, біз олардың (толибтердің) көзқарасын бірден-бір дұрыс көзқарас деп, олардың түсінігін бірден-бір дұрыс түсінік деп қабылдай бастаймыз да, егер олар әлдеқандай пікірді абзал көрсе, біз де соны құп көреміз, қабыл алмаса, біз де қабыл алмаймыз. 

Бар мәселе мынада: қаншама жылдар және дәрістер бойы бізді бір пікірдің дұрыс екеніне сендіріп келген толибтер белгілі бір сәттеол пікірді тәрк етеді де, басқа пікірді, тіпті соған қарама-қайшы пікірді қабыл алады. Бұл – қалыпты жағдай. Ілім ізденуші Алланың алдында, өзінің алдында және оны тыңдайтын адамдардың алдында адал болуы тиіс. Егерде ол бұрынғыдан әлдеқайда күштірек көзқарасты тапса, соған дейін басқа көзқарасты ұстанып келгендігіне қарамастан, мықты көзқарасты қабыл алуы тиіс. Әйтпеген жағдайда, ол өзінің бұрынғы көзқарастарының және ізбасарларының (олардың көңілдерін қалдыруға қорқып) тұтқынына айналады. Бұл ақиқаттан бас тарту болып табылады және ақыр соңында екіжүзділікке әкеп соғуы әбден мүмкін. 

Сол себепті, толиб үшін бұл– оның білімінің заңды түрде дамуы, ал, оның ерушілері үшін ең абзалы – дағдарып қалуы, ең жаманы – көңілдері қалуы. Оның үстіне, олардың толибтің өзінен емес, тіпті олардың еріктерінен тыс жаңсақ боп шыққан көзқарастардан да емес, біреуге еруден көңілі қалады. Ондай жағдайда адам өзі сеніп, ерген нәрсенің әлсіздігін, осалдығын сезіне бастайды. Олай болмас үшін әу бастан бір нәрсені жадымызға түйіп алғанымыз жөн, толиб – ғұлама деген сөз емес, тіпті кейде ол ғұламалықтың ауылынан алыс болуы да, керек десеңіз, ешқашан ғұлама болмауы да ықтимал.

Ғұлама жаңа дәлелдерді кездестіргенде пікірін өзгертетін болса, толибтің ондай «кездесулері» әлдеқайда көп болмақ. Өйткені, ғұлама сол атаққа ие болмас бұрын көптеген еңбектерді зерттеп, алған ілімін тәжірибе жүзінде бекітіп қойды және соның негізінде көптеген мәселелерге байланысты көзқарасын қалыптастырды. Жолдың басына енді аяқ басқан ізденушімен салыстырғанда, ғұламаның оқымаған кітаптарының және оқып-зерттемеген дәлелдерінің саны әлдеқайда аз болады. Ал, толиб алда әлі өзіне көптеген жаңалық ашады, соған сәйкес, бір пікірден екінші пікірге, содан соң тағы басқа пікірге ойысып отырады, содан кейін бастапқы ұстанымына қайтып оралуы мүмкін – көзқарас, ұстанымдары қалыптасып, нық бекіген ғұлама болмайынша, солай жалғаса береді. 

Мәселен, ұстаз Әбу Әли, хафизахуЛлаһ, бұрын Рамазанға қатысты астрономиялық есепті пайдалануға рұқсат етілмейді деген пікірді ұстанғандығын, тіпті керек десеңіз, сол тақырыпта материал жазбақ болғандығын, бірақ, кейін ондай пікірдің Шариғатта заңды екенін білгендігін  «Малфузат» кітабында баяндаған. 

Ұстаз Ерсін Әміре Әбу Юсуф , хафизахуЛлаһ, алғашында Құран аяттары жазылған тұмар мен бойтұмарларды тек кішкене балаларға пайдалануға рұқсат деген ұстанымда болған еді және осы көзқарасын дәрістерінде де айтқан болатын.  Кейінірек, бұндай рұқсат адамның жасымен байланысты емес деген пікірді зерттей келе, оны дұрыс деп тауып, осы бағытты ұстана бастады.

Ал, ұстаз Әбу Яхъя, хафизахуЛлаһ, соңғы кезде истиғасаға қатысты ұстамды позицияны ұстана бастады. Алайда, оның да ат салысуымен ілім таратқан бұрынғы Даруль-фикр сайты истиғасаны қолдайтын материалдарға толы болатын. Мұндай үлгілер келтіре берсек көп. Ол тұрмақ, шариғи ілімді алып болған (аяқтаған) адам да өмірлік тәжірибесіне сәйкес, көзқарастарын да өзгертіп отырады, себебі, өмірдің өзі ең тамаша ұстаздардың бірі емес пе?

Шектен шығушылықтың анағұрлым белгілі түрі – салиқалы жандардың кереметтері мен неше түрлі ғажайыптарға шамадан тыс қызығушылық таныту. Мәселен, кейбір мұсылмандар, әсіресе, бұл базбір сопыларға қатысты, осы тақырыпқа аса қатты көңіл бөледі. Ондай адамдармен тілдесіп қалсаңыз, олардың әңгімелері не әулиелердің кереметтерін баяндаудан басталады, не соған кеп тіреледі (сонымен аяқталады). 

Ал, егер олар әр тариқаттың өкілдері болса, біреуі өз шейхының кереметтерін аузының майын тамызып баяндайды да, сонан соң сұхбаттастарының шейхтарының кереметтерін сұрайды. Олар да ұстазын ұятқа қалдырмайын дегендей барын салады (бірақ, ұстаздары бұдан мүлде бейхабар болуы ықтимал), сөйтіп, оның ерекше қабілеттерін баяндай келе, қатты толқығаннан әсірелеп жіберуі де ғажап емес. 

Соның нәтижесінде, көптеген хикаялар шындығында жоқ жайттармен толығып, керемет жоқ жерден де керемет табылып жатады. Әлбетте, тасаууфтың шынайы мақсаттарын түсініп қана қоймай, соларды жүзеге асырып жүрген «жібі түзу» адамдар да бар екені сөзсіз. Тек айтпақ болғанымыз, дәл сопылардың арасында осы тақырып ерекше тарап кеткен. Қалыптан тыс құбылыстарға шамадан тыс мән берілетін тағы бір жамағаттың түрі – үндеумен айналысушы жамағат. Ғажайып жағдайлар мен солар жайлы әңгімелер бұл ортада да кеңінен танымал. 

Бұл сипат сопылар мен дағуатқа шығатындардан басқа ешқандай жамағатқа жатпайтын, жай ғана кез келген нәрседен әдеттен тыс ерекшелікті іздеп жүретін адамдарға да тән болуы мүмкін. Бұл жағдайды Інжілдегі  «ғаяр да ойнасқор қауым кереметтер іздеуде» сөзі жақсы сипаттайды. Бірақ, ғажайыптың өзінде ешқандай қиындық жоқ, ол шынайы мұғжиза болуы мүмкін. Мәселе – құдды сол ғажайыптар ақиқилықтың, тақуалықтың ең басты көрсеткіші, қала берді, Ислам мен мұсылмандардың түпкі мақсаты сияқты, оларға ерекше көңіл бөлуде.

Осыған байланысты мына хикая есімізге түсіп тұр: Нақшбанди тариқатының Ташкенттегі шейхы Қари Абдуллаһқа,рахимахуЛлаһ, мюридтерінің бірі келіп,көптеген жылдардан бері тариқаттың барлық іс-әрекеттерін мүлтіксіз орындап жүргенін, бірақ, әлі күнге дейін ерекше ештеңе байқамағанын айтып, шағымданған. Шейх одан: «Сен тұратын жерде адамдардың бәрі күніге түнде тәһәджуд оқып, көп зікір айтып, күн сайын Құран оқып, әрдайым дәретте болуға тырыса ма, духа,дәретшукур, әууәбин және т.б. секілді нәпіл намаздарды оқи ма?» - деп сұрайды. Мюрид олардың ешбірі де мұндай құлшылық жасап, өздерін әурелемейді деп жауап береді. Сонда шейх: «Бұл мыңдаған кереметтен де артық», - деп жауап қатады. Истиқамат, яғни, тура жолмен жүру, барлық кереметтерден артық. 

Мұғжиза мен қалыптан тыс құбылыстарды іздегенше өзіңе парыз, мүстахап болып жүктелген және қосымша құлшылықтарға көбірек көңіл бөліп, олардан Алланың разылығынан басқа ештеңені күтпеген абзал. Ғажайып құбылыстарды әлсіздерге жеңілдік немесе мықтыларға «жанама құбылыс» деп қабылдау қажет. Алайда, мұның бәрі бір емес, бірнеше рет талқыланды да, сыналды да. Ал, біз мұны бұған мүлде кереғар жайтты сөз ету үшін айта кеттік…

Сонымен, төртінші әсірешілдік–сопылардың, дағуатшылардың және басқа да мұсылмандардың бастарынан өтетін әдеттен тыс жайттарға мүлде скепсистік (сенмісіздікпен, сынай қарау) көзқараспен қарап, ондай нәрселер бұрынғы заманға тән, ал, қазіргі кезде ол туралы сахабалар мен әулиелер жайлы кітаптардан ғана оқуға болады деген пікірде болу. Соның өзінде бұған да күмән келтіретіндер табылып жатады.

Мұндай скепсистік көзқарасты жамағаттың алдында сөз сөйлеумен шектелген базбір имамдардың және діннің тәжірибелік тұсынан гөрі теориялық тұсын көбірек жақсы көретін адамдардың ұстанатынын байқау қиын емес. Олардың көпшілігі Алланың жолында денсаулығын, дүние-мүлігін және уақытын құрбан етпейді, сағаттап зікірде отырмайды, қосымша (нәпіл) құлшылық жасамайды – сондықтан да, асып-тасып жатқан ілімдері болмаса да, Алла разылығына шын жүрекпен ұмтылатын амалдың (істің) адамдарының басынан өтетін күйдің оларға беймәлім екені таңғаларлық емес. Сол үшін де қарапайым мұсылмандардың өміріндегі ерекше құбылыстар жөніндегі әңгімелер олардың не мысқылды күлкісін, не зәрлі кекесінін тудырады. 

Олар өздерінің үйреншікті өмірінің шеңберіне сыймайтын жайттарды мүмкін емес деп ойлап, «Қайдағы ғажайып, бұл не қылған ертегі» - дегендей болады. Алайда, алуан түрлі адамдармен сөйлесудің нәтижесінде тәжірибеміз көрсеткендей, неге екені белгісіз, біле тұра іс жүзінде жасамайтын мұсылмандардан көптеген қарапайым мұсылмандарәлдеқайдаықыласты болуы ықтимал. 

Нәтижесінде, ойдан шығарылған хикаяны немесе жалған хадисті естігенде білімсіздер, бірақ, шын ықыластылар жылайды, ал, білімділер олардың үстілерінен күледі, олардың жүректері Құран аяттарынан да әсер алмайтын сауыт іспеттес. Бәрінен де жаныңа бататыны, осы екі әсірешілдіктің бір жерде кездесуі: біреуі қасындағы адамға қиял боп көрінетін нәрсені майын тамыза баяндағанда, қасындағы адам сыйпайылық танытып, үнсіз тұрады, десе де, іштей жақтырмай, мысқылын әрең тежейді. 

Ілім иелері білімді және мықты иманды болғандықтары үшін кереметке мұқтаж емес деулеріңіз мүмкін. Олай болса, олардан білімдері аз және анағұрлым әлсіздердің ғажайып туралы әңгімелеріне күмәнмен қараудың қажеті жоқ. Кейбір бауырларымыз бар, олардың дінге шын тебіреніспен қарайтындары сондай, оларды қиялдан туындаған хикаяларды айтып, алдайды деп ойлағаннан гөрі олар жайлы ең адам сенгісіз құбылысты елестету оңайырақ. 

Жын мәселесінде де осындай мысалдарды келтіруге болады: мұсылмандардың бір бөлігі (оларды шартты түрде білімдері аз деп атайық) кез келген нәрседен жындардың ізін көреді. Ал, өздерін анағұрлым білімді санайтын екінші бір бөлігі жындардың ықпалын мүлде жоққа шығарады. Соның нәтижесінде, біреулер психологиялық, физикалық немесе ақыл-ой сипатындағы кез келген мәселені параллельді әлемнің қастығы деп санаса, екіншілері, керісінше, оларды есепке алғылары келмейді, ондай адамдарды бұл құбылыстың ықтималдығына сендіру үшін талай күш-жігеріңді сарп етуге тура келеді.

Алайда, соншалықты жайбарақат болмаған дұрыс. Тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, адам мұны өз басынан өткізгенде оның сенімсіздігі ізім-қайым жоқ болады:бұл бәлекет оның өзіне жабысуы мүмкін, не жақындары мен туыстарының басына түсуі мүмкін. Сонда ол руқия оқитындарды іздеп, қыст әл-хындиді қасықтап ішіп, тіпті керек десеңіз, өзі бұрын жек көрген адыраспанды тұтатып, әуре-сарсаңға түседі. 

Осының бәрін өз басынан өткізгеннен кейін және мұнымен қаншама жылдар бойы айналысып келе жатқан жандармен әңгімелескеннен соң адам кенеттен өзінің қаншалықты әлсіз екенін аңғара бастайды. Әсіресе, жер-жерді харам жайлаған және өзіңді одан сақтап қалу қиынның қиынына айналған қазіргі заманда. Бұл дегеніміз – оның қорғаныстық қызметтері өте әлсіз және бір кездері өзі ойлағаннан әлдеқайда оңай, әп-сәтте жынның құрбанына айналып шығу келуі ғажап емес. 

Мұның адамдардың өміріне қаншалықты енгенін, қаншама адамдар бұған душар болғанын түсіну үшін теледидарды қоссаң жетіп жатыр, сондакез келген арнадан дерлік көріпкелдерді, балгерлерді, дуагерлерді және сол сияқты бәлелерді көріп, көзің жетеді. Бұл құбылысты асыра бағалағаннан гөрі жете бағаламаудың қаупі зор. Өйткені, екінші жағдайда адам ішіндегі бар мәселені сезбей, оның қайдан шыққанын, сипатын және емдеу әдістерін білмей, ұзақ уақыт бойы алаңсыз жүре беруі мүмкін. Ал, бірінші жағдайда ол ештеңе жоғалтпайды.

Қалай болғанда да, әрбір адам өзінің мінезіне, жасына, менталитетіне, біліміне және тәрбиесіне сәйкес, белгілі бір кезеңде әр түрлі әсірешілдікке бой алдыруы мүмкін. Кез келген асыра сілтеудің ең есіркеуші емі – ақыл-ойдың толысуынан, тәжірибеден және білімнен тұратын уақыт шығар, сірә. Ал, ең жаман және әлдеқайда қатыгез емі – түзетуге келмейтін қателіктеріңнің ауыртпалығы болар. 

Тауфиқ тек Алладан ғана.
 
__________________________________


Орыс тілінен аударған Azan.kz


P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
04.03.2016

   
   
 


Статья закрыта от комментирования
 

Сейчас обсуждают

Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Уа алейкум ассалям уа рохматуллахи уа баракатуху!Вступить в наше Сообщество может любой желающий,...
22.08.2016 12:51
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Из истории: Наказание за убийство мусульманина ✅
Посланник Аллаха (саллаллаху алейхи ва саллям), прежде чем отправиться из Лучезарной Медины, направил Абу Катада (радыйаллаху анху) в сторону Наджда с отрядом, дабы ввести врага в заблуждение. Когда...Читать далее
564
 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
697