Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 80 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, наны сипатталған тарау, 1 бөлім

00

05.04.201603042
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 79 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай тамақтанғаны жайлы тарау, 2 бөлім

باب ما جاء في صفة خبز
رسول الله (صلى الله عليه وسلم)
وفيه (8) أحاديث

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, наны сипатталған тарау. Онда сегіз хадис бар.

Жүз отыз бесінші хадис

:حدثنا محمد بن المثنى ومحمد بن بشار قالا: حدثنا محمد بن جعفر، حدثنا شعبة عن أبي إسحاق قال سمعت عبد الرحمن بن يزيد يحدث عن الأسود بن يزيد عن عائشة أنها قالت
"ما شبع آل محمد (صلى الله عليه وسلم) من خبز الشعير يومين متتابعين حتى قبض رسول الله (صلى الله عليه وسلم)".

Мухаммад ибн әл-Мусәннә мен Мухаммад ибн Бәшшәр бізге Мухаммад ибн Джәфәрдан, Шу’бәдан, Әбу Исхақтан оның былай дегенін хабарлаған: «Мен Әбдур-Рахман ибн Язидтің әл-Әсуәд ибн Язидтен, Аишадан, Алла оған разы болсын, оның былай дегенін хабарлағанын естідім: Мұхаммедтің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, отбасы Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көз жұмғанға дейін арпа нанды екі күн қатарынан тойып жеген емес»».

Бұл жерде Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, отбасы мағынасында садақа беруге тыйым салынатын адамдар емес, оның қамқорлығындағы және оларды асырау оның мойнына жүктелген адамдар жайлы айтылған.

Басқаша айтқанда, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, отбасы Меккеден Мәдинаға қоныс аударғаннан бастап, ол көз жұмғанға дейін таршылық көріп өткен.

Жүз отыз алтыншы хадис

:حدثنا عباس بن محمد الدوري. حدثنا يحيى بن أبي بكثير. حدثنا حريز بن عثمان عن سليم بن عامر قال سمعت أبا أمامة الباهلي يقول
"ما كان يفضل عن أهل بيت رسول الله (صلى الله عليه وسلم) خبز الشعير".

Аббас ибн Мухаммад әд-Дури бізге Яхья ибн Әбу Кәсирден,  Хариза ибн Усманнан, Суләйм ибн Әмірден оның былай дегенін хабарлаған: «Мен Әбу Умәмә әл-Бәхилидің былай дегенін естідім: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үйінде арпа нан ешқашан жеткілікті болған емес»».

Бұл жерде нанның бірнеше күн қатарынан тойып жейтіндей көп болмағандығы айтылып тұр.

Жүз отыз жетінші хадис

:حدثنا عبد الله بن معاوية الجمحي. حدثنا ثابت بن يزيد عن هلال بن خبَّاب عن عكرمة عن ابن عباس قال
"كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يبيت الليالي المتتابعة طاوياً هو وأهله لا يجدون عشاء، وكان أكثر خبزهم خبز الشعير".

Абдуллаһ ибн Муауия әл-Джумахи бізге Сәбит ибн Язидтен, Хиләл ибн Хаббабтан, Икримадан, Ибн Аббастан хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мен оның отбасы бірнеше түн бойы кешкі ас ішпей, аш жататын еді. Олардың нандарының басым бөлігі арпадан жасалатын».

Субханаллаһ, адамзаттың ардақтысы көптеген түндер бойы аш жатқан!

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің ахуалын сахабалардан жасырғандығы сөзсіз. Әйтпесе, олар Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, аш қалмауы және мұқтаждықты сезінбеуі үшін өз ауыздарынан жырып, соңғы асын берер еді.
 


Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

05.04.2016

   
   
 


Статья закрыта от комментирования

Статьи

 

Сейчас обсуждают

Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Уа алейкум ассалям уа рохматуллахи уа баракатуху!Вступить в наше Сообщество может любой желающий,...
22.08.2016 12:51
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Из истории: Наказание за убийство мусульманина ✅
Посланник Аллаха (саллаллаху алейхи ва саллям), прежде чем отправиться из Лучезарной Медины, направил Абу Катада (радыйаллаху анху) в сторону Наджда с отрядом, дабы ввести врага в заблуждение. Когда...Читать далее
533
 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
664