Меккенің басты мешітінің бұрынғы имамы ИЛИМ-нің сәләфизмге негізделгендігін растады

10

10.07.2016021786
Меккедегі Әл-Харам мешітінің бұрынғы имамы шейх Адель әл-Калбани ИЛИМ (ҚР-да тыйым салынған лаңкестік ұйым) Ислам мемлекетінің сәләфиттік идеяларға негізделгендігін растады, деп хабарлайды Azan.kz. Шейх әл-Калбани Дубайдағы MBC телеарнасына берген сұхбатында тілшінің: «ИЛИМ сәләфизмнің бір тармағы ма?» деген сұрағына былай деп жауап берді: 
 
«Олар өздерінің идеяларын біздің кітаптарымыздан, біздің өзіміздің қағидаларымыздан алады… Оларға сын тағатындар әдетте олардың сенімдерін емес, іс-әрекеттерін сынға алады. Біз олардың негізге алған сенімдеріне мін тақпаймыз… Біз де сол сенімдерге ереміз, бірақ, біз оларды анағұрлым жетілдірілген формада жүзеге асырамыз». 
 
Сонымен қатар, шейх Калбани «ИЛИМ-ді құрушылар – арнайы қызмет өкілдері» деп санайтындарға жауап берді:  
 
«Арнайы қызмет өкілдері ешқандай жаңалық ойлап тауып жатқан жоқ. Олар тек сол идеяларды қабыл алғандарды пайдалануда. Ал, ДАИШ (ИЛИМ) сәләфизмнің идеяларын қабылдаған… Олардың идеологиялық қайнаркөзі – сәләфизм. Арнайы қызмет өкілдері мен өзге елдер соны пайдаланып, ДАИШ-ты қару-жарақпен, оқ-дәрі қоймаларымен қамтамасыз етіп, оның дамуына көмектесу арқылы бәрін басқара білді. Бірақ, олар біздің кітаптарымыздан, өз арамыздан табылатын өзіміздің ұстанымдарымызды пайдаланады».  

Аталмыш сұхбат осы жылдың қаңтар айында берілгендігіне қарамастан, ол «Ынсапты радикализм» мақаласы жарияланғаннан кейін, енді ғана біздің назарымызға ілігіп отыр. Біз «Ынсапты радикализм» мақаласында қазақстандық азаматтарға дәл сол нәрсені жеткізуге тырысқан едік. Жақында Ақтөбеде орын алған қайғылы оқиғалардан кейін осынша беделді сәләфиттің шындықты мойындауы өте өзекті болып отыр. Негізінде, шейх біздің бірнеше жылдан бері айта-айта жауыр болған сөзімізді толықтай растап, бізге жақсылық жасады: мадхалиттер, суруриттер, тәкфириттер, джиһадистер, ИЛИМ – осылардың бәрі сәләфизмге ерушілер және олар қазақстандық қоғамға ғана емес, жалпы Исламға қауіп төндіріп тұр. Бұл жайында Алматы Орталық мешітінің имамы ұстаз Ерсін Әміре де өзінің "Хариджиттер мен олардың қазіргі ізбасарлары" атты жұма уағызында және басқа да көптеген діни білімі бар әрі дұрыс саралай білетін жандар айтып кеткен еді. 
 
Бұл сұхбаттың ерекше құнды болатын себебі, имам әл-Калбанидің өзі де сәләфит, сондықтан, оны «біржақты, сыңар езу пікір айтты» деп айыптау қиынға соғады. Тағы бір айта кететін жайт, шейхтың «ИЛИМ сәләфизмге негізделеді» деген сөзі жазғыру немесе сәләфизмге деген шағым яки наразылық емес. Бұл шейхтың ДАИШ пен оның сенімдеріне шыншыл көзқараспен қарағаны. 

Сондай-ақ, шейх әл-Калбанидің бұл сөзі кейбір қазақстандық депутаттардың, сарапшылардың және тілшілердің «Қазақстандағы сәләфизмге радикалды деген таңба басылып, теріс жағынан көрсетіліп, бұрмалануда» деп жүрген мәлімдемелерін жоққа шығарады. Өзі онсыз да бұрмаланған нәрсені бұрмалау мүмкін емес. Керісінше, сәләфизмді радикализмнен, басқа мұсылмандарға деген жеккөрініштен және өздерімен келіспейтін адамдарды кәпір деп танудан ада және ИЛИМ-ге ешқандай қатысы жоқ Исламдағы бағыт деп көрсету  – міне, нағыз бұрмалау осы болмақ.  



10.07.2016

   
   
 


Статья закрыта от комментирования
 

Сейчас обсуждают

Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Уа алейкум ассалям уа рохматуллахи уа баракатуху!Вступить в наше Сообщество может любой желающий,...
22.08.2016 12:51
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Из истории: Наказание за убийство мусульманина ✅
Посланник Аллаха (саллаллаху алейхи ва саллям), прежде чем отправиться из Лучезарной Медины, направил Абу Катада (радыйаллаху анху) в сторону Наджда с отрядом, дабы ввести врага в заблуждение. Когда...Читать далее
564
 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
697