Алматы: «Қазақ күресінен» IV Республикалық турнирге іріктеу сайысы өтті

09

02.05.201701166

Алматы қаласында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін «Қазақ күресінен» IV Республикалық турнирге іріктеу сайысы өтті.

Бас мүфти Діни іс-шаралармен қоса салауатты өмір салтын ұстанып, жастардың спорттық бағытқа бейімделулері үшін іс-шаралар өткізуді арнайы тапсынған болатын. Соның бір айғағы ретінде Алматы қаласында Сәуір айының 29-шы жұлдызы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының үндеуімен «Қазақ күресінен» IV Республикалық турнирге іріктеу сайысы болып өтті. Бұл сайысқа Алматы қаласы бойынша барлық аудандардың мешіт жамағаттары қатысып, аудан мешіттерінен іріктелген  жалпы саны 32 палуан күш сынасты. Сайысты бастамас бұрын Алматы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Ауесханұлының сәлемдемесі мен сәтілік тілегін жеткізуге Есім Ержан сөз алып, палуандарға шариғаттың шеңберінен шықпай белдесулері үшін «Сабырлық» пен «Әділдік» жайында сөз қозғап өтті. Палуандар сайысы өз деңгейінде жақсы өтіп, спортшылар нағыз ерлік мінездері мен қайсарлықтары және мұсылмандық әдептілігін көрсетті.

Бірінші орынды «Бекет ата» мешітінің жамағаты Орынбасар Рүстем;

Екінші орынды «Ақсай» мешітінің жамағаты Искаков Бейбіт;

Үшінші орынды «Таугүл-3» мешітінің жамағаты Қайырбаев Жеңіс жеңіп алды.

Жүлделі орын алған палуандар Нұрбек Ауесханұлының IV Республикалық сайысқа жолдамасымен қатар медальдар табысталып, 1-орынға – «Астана Экспо-2017» көрмесіне ерікті уақытқа арналған 2 билет, 2-орынға – «Астана Экспо-2017» көрмесіне белгіленген уақытқа 2 билет, 3-орынға – «Астана Экспо-2017» көрмесіне белгіленген уақытқа 1 билет табысталды.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі 


    02.05.2017

       
       
     


    Статья закрыта от комментирования

    Новости мечети

     

    Сейчас обсуждают

    Ассалямуалейкум!По воле Аллаха произвели закуп продуктовых корзин на 20 семей. Продукты доставлены...
    07.04.2017 12:52
     
    Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
    24.08.2016 12:59
     
    Ассалам Алейкум!
    23.08.2016 12:12
     
    Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
    19.08.2016 11:54
     
     

     
    Предписания, содержащиеся в Коране ✅
    В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
    71113
     
    Качества примерных супругов ✅
    Примерная жена Приоритетом примерной супруги является стремление угодить Аллаху. Она желает приобрести качества хорошей жены посредством следования примеру пророка (мир ему и благословение Аллаха) и...Читать далее
    69725