МИНИСТР: ИМАН МЕН ДІНИ ДОГМАНЫ ШАТАСТЫРУШЫЛАР БАР

00

04.05.201701517
Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасын» таныстырды, деп хабарлайды KAZISLAM. 

«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» осы модельдің іргелі негізі. Осы тұжырымдамамен жұмыс істеу барысында Президенттің мемлекеттік заңдылық қағидаттарын нығайту, кез келген діни радикализмді болдырмау нұсқауларын басшылыққа алдық. 

Тұжырымдаманың мақсаты – діни саланы реттеу бойынша 2020 жылға дейінгі ғылыми теориялық негіздерді айқындау», - деді Н.Байұзақұлы. 

Министр бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтті. 

«Елдегі дін саласын реттеу заңнамалық, басқарушылық, әлеуметтік-экономикалық шараларды анықтау болып табылады. Оны іске асыру қоғамда, жалпы рухани санада тұрақты және үйлесімді дамуды, жаңғыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құжаттың логикасы мен құрылымы Үкімет қаулысымен бекітілген тұжырымдама әзірлеу ережесінің талаптарына сәйкес келеді» деді ол.

Нұрлан Ермекбаев аталмыш құжат дін саласындағы проблемаларды шешуге бағытталғандығын айтты. 

«Бүгінде қазақстандықтардың діни санасы күрделі әрі әр алуан. Яғни, қоғамда дінге жан-дүниесімен берілгендерден бастап атеистерге дейін кездеседі. Осы факторды ескере келе, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру керек. Бізге дінді дұрыс түсініп, қолдану үшін дәстүр мен діни мәдениеттің деңгейі қажет. Діншілдік деңгейінің өсуі тиісті мәдениеттің қалыптасуына әкеледі. Яғни (азаматтар – автор) дінді тура мағынасында түсініп, діннің догмаларын қолданады. Салдарынан дінге терең берілгендердің арасында радикализмнің қауіп-қатерлері сақталады. Азаматтардың кейбір бөлігі заң талаптарын, конституциялық міндеттерін орындаудан бас тартады. Мемлекеттік рәміздерге, дәстүрге, этика нормаларына құрметпен қарамайды. Кейбір адамдар діннің сыртқы белгілерін діннің рухани құндылықтарынан жоғары қояды. Яғни олар иман мен діни догмалардың арасындағы түсінікті шатастырады. 

Екіншіден, радикализмді насихаттайтындардың арасында агрессивтілік жоғары. Олардың арасында ресми дін өкілдерімен, әрі олардың діни көзқарастарын қолдамайтындар арасында арандатушылық деректері бар. 

Үшіншіден, жекелеген діни бірлестіктер мен тұлғалар арасында заңсыз уағыз жұмыстарын жүргізу, әртүрлі пансионат ашу, ата-аналардың рұқсатынсыз жасөспірімдерді діни қызметке тарту деректері бар. Сондай-ақ, интернетте деструктивті діни материалдардың таралуы жалғасуда. 

Төртіншіден, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүйесінде біліктілігі жоғары дін өкілдерінің жетіспеушілігі сезілуде. Сондықтан бұл жүйеде дінбасыларының білімін көтеріп, кәсіби біліктілігін жоғарылату керек» деді ол. 

Сонымен қатар, министр дін саласын бір жүйеге келтіру үшін алдағы уақытта басымдық неге берілетіндігіне тоқталды. 

«Тұжырымдаманың екінші тарауында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру көзделеді. Бірінші басымдық. Заңды жетілдіріп, мемлекет пен діни бірлестіктер қарым-қатынасын бір жүйеге келтіру керек» деп сөзін түйіндеді Нұрлан Ермекбаев.

04.05.2017

   
   
 


Статья закрыта от комментирования

Мировые новости

 

Сейчас обсуждают

Ассалямуалейкум!По воле Аллаха произвели закуп продуктовых корзин на 20 семей. Продукты доставлены...
07.04.2017 12:52
 
Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
71104
 
Качества примерных супругов ✅
Примерная жена Приоритетом примерной супруги является стремление угодить Аллаху. Она желает приобрести качества хорошей жены посредством следования примеру пророка (мир ему и благословение Аллаха) и...Читать далее
69716