Алматы мешіттерінің Асары. Есеп

060

11.05.201701434
Сәуір айының 28-30 аралығында Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Ауесханұлының тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мешіттері «Ихляс» қайырымдылық Қауымдастығының еріктілерімен бірлесе отырып, «Алматы мешіттерінің Асары» атты өткізді. Аталмыш акцияның басты мақсаты – ҚМДБ тапсырмасы бойынша Қарағанды облысының су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық жәрдем жинау болды.

Үш күнге созылған жұмыс нәтижесінде Алматы аудандарының орталық мешіттерінде 8 бөлімше ұйымдастырылып, жалпы есеппен алғанда 20 тоннаға жуық заттай жәрдем: киім-кешек, азық-түлік, тұрмыстық заттар, және 3,917,956 теңге қаражат жиналды. Оның арасында:

Алматы Орталық мешіті – 1,325,140 теңге
«Әл- Мәдина» мешіті – 142,195 теңге
«Төле би» мешіті – 1,163,492 теңге
«Бекет ата» мешіті – 227,747 теңге
«Ақсай» мешіті – 351,113 теңге
«Әбу Бакр» мешіті – 187,520 теңге
«Орбита» мешіті – 288,213 теңге
«Фирали» мешіті – 232,536 теңге

Бұған қосымша «Бекет ата» және «Әскер ата»  мешіттері өз үлестерін қосып, бір жүк көлік азық-түлік пен бір жүк көлік киім-кешек жинап берді.

5 мамыр, Қасиетті Жұма күні ақсақалдардың баталарын алып, гуманитарлық жәрдем Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына аттанып кетті.

Алдыңғы жылғы алған тәжірибемізден ой тұтып, осы жолы жиналған қаражатты су тасқынынан зардап шеккен елді мекенге қаржылай көмек беруді ұйғардық. Қарқаралы ауданының басшылығы берген мәліметтерге жүгіне, өкілдеріміз Садовое ауылына аттанды.  Ресми ақпарат бойынша Садовое ауылын 2015 жылы да су басқан екен, Алланың сынағы осы жылы да ауыл тұрғындарын айналып өтпеді. 62 түтіннен тұратын ауыл түгелдей су астында бірнеше күндер тұрған, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.

Ат басын ауылға тіреген кезімізде ауыл тұрғындары үйлеріне оралып, тіршіліктерін қалпына келтіре бастаған екен. Акция барысында жиналған қаражаттың 165 000 теңгесіне Қарағанды қаласынан қосымша көрпе-жастықтар алынып, қалғанын Садовое ауылының 62 түтініне таратылды.

Асарға үлес қосқан мешіт қызметкерлеріне, «Ихляс» қауымдастығының еріктілеріне, Алматы қаласының тұрғындары мен мешіт жамағаттарына Алла разы болып, Қияметте таразыңыз осындай ізгі амалдарыңызбен ауырлансын, деп тілейміз. 
 
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі. 



















.



































































































11.05.2017

   
   
 


Статья закрыта от комментирования

Новости мечети

 

Сейчас обсуждают

Ассалямуалейкум!По воле Аллаха произвели закуп продуктовых корзин на 20 семей. Продукты доставлены...
07.04.2017 12:52
 
Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
82587
 
Качества примерных супругов ✅
Примерная жена Приоритетом примерной супруги является стремление угодить Аллаху. Она желает приобрести качества хорошей жены посредством следования примеру пророка (мир ему и благословение Аллаха) и...Читать далее
81195