БАС МҮФТИ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ (ФОТО)

031

25.05.201701435
Алматыда «Халық арена» спорт кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін "Астана EXPO 2017" халықаралық көрмесі қарсаңында  Қазақ күресінен IV республикалық чемпионат қорытындыланды.

Сайысқа әр өңірден іріктеліп шыққан 59 балуан қатысты. Ұлттық спорттың абыройын асқақтатқан дүбірлі доданың ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, қазақтың даңқты балуаны, күрестен тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, "Alem Fighters" кәсіпқой спорт клубының президенті Ардақ Назаров т.б. спорт шеберлері қатысты. Олар спортшыларды дәстүрлі додамен құттықтап, сәттілік тіледі.

«Қазақ күресі – өнер. Бұл біздің болмысымызда, қанымызда бар қасиет. Дінімізбен астасып жатқан ұлттық дәстүріміз. Күрес – Пайғамбарымыздан (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) келе жатқан сүннет. Қазақ күресі күш пен әдіске қоса, әділдіктіде қажет етеді. Алла елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Күшті мұсылман Алла Тағала құзырында әлсіз мұсылманнан жақсырақ», – деген. Мұндай бастамалар қоғамды бірлік пен ынтымаққа, бауырмалдық пен кішіпейілділікке шақырады. Діни басқарма халық арасында «Дін мен дәстүр», «Тарих және тағылым жылы» аясында имандылық пен ауызбіршілікті насихаттап келеді», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.



Қазақтың даңқты балуаны Жақсылық Үшкемпіров спортшылар мен жанкүйерлерге белсенділігі үшін алғыс айтты.

Турнирдің қорытындысында жеңімпаздар үлкен қажылық және кіші қажылықпен марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Сонымен халықаралық дәрежедегі төрешілер шешімімен төмендегі спортшылар жүлделі орындарға ие болды.

І орын – Дәулетхан Қосмағанбет (Қостанай). Үлкен қажылыққа тегін жолдама.
ІІ орын – Мәлік Төлеушов (Атырау). Кіші қажылыққа тегін жолдама.
ІІІ орын – Дәурен Нұрғожин (Солтүстік Қазақстан облысы). Кіші қажылыққа тегін жолдама.

ҚМДБ баспасөз қызметі
Muftyat.kz






 




 


















25.05.2017

   
   
 


Статья закрыта от комментирования

Мировые новости

 

Сейчас обсуждают

Ассалямуалейкум!По воле Аллаха произвели закуп продуктовых корзин на 20 семей. Продукты доставлены...
07.04.2017 12:52
 
Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
71108
 
Качества примерных супругов ✅
Примерная жена Приоритетом примерной супруги является стремление угодить Аллаху. Она желает приобрести качества хорошей жены посредством следования примеру пророка (мир ему и благословение Аллаха) и...Читать далее
69720