БАС МҮФТИ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ҮЙІ ҚИРАҒАН ОТБАСЫҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ (ВИДЕО)

10

25.05.201701117
Көктемгі су тасқыны кезінде Махамбет ауданындағы үйі қирап қалған тағы бір отбасы баспаналы болды. Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы кеше Сағыныш Тобажановаға "Нұр Ақтөбе" ауданынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Екі бөлмелі пәтер Маңғыстау, Оңтүстік, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Қостанай және Ақтөбедегі облыстық мешіттерде жиналған асар ақшасына сатып алынған. Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы бүгін бұл шаңырақта қонақ болды. Тобажановтар әулеті тасқынға дейін Махамбет ауданында үш бөлмелі үйде тұрған. Баспананы су шайып, қирап қалды. Тұруға жарамсыз. Не жердің, не пәтердің кезегінде жоқ әрі мүгедек адамы бар отбасыға "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асары" қоры қол ұшын созды. Жиһаздармен жабдықталған дайын пәтер сыйлады. Азық-түлігін әкеліп берді. Айта кетейік, Ақтөбедегі су тасқыны кезінде 86 үй құлады. 65 адамға жер үчаскесі берілді. Сегіз жанұя уақытша әлеуметтік жатақханаға орналастырылды. Екі отбасыға "Батыс-2" ауданынан, бесеуіне "Нұр Ақтөбе" ауданынан пәтер берілді. Тағы бір жанұяға мұғалжарлық кәсіпкер үй сыйлады.



25.05.2017

   
   
 


Статья закрыта от комментирования

Новости мечети

 

Сейчас обсуждают

Ассалямуалейкум!По воле Аллаха произвели закуп продуктовых корзин на 20 семей. Продукты доставлены...
07.04.2017 12:52
 
Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
71110
 
Качества примерных супругов ✅
Примерная жена Приоритетом примерной супруги является стремление угодить Аллаху. Она желает приобрести качества хорошей жены посредством следования примеру пророка (мир ему и благословение Аллаха) и...Читать далее
69722