Ақсақалдар әдебі

00

09.06.201701038
Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!

Әрбір ұлттың жүріп өткен жолы, қалыптасқан салт-дәстүрі мен тарихы болады. Қазақ тілінде «әдеп» сөзі кеңінен қолданысқа ие. Адамның ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбетін ажарландыра түсетін қасиетті ұғым. Ізгілік пен ізеттіліктің, адамгершілік пен адалдықтың, имандылық пен ибалықтың қайнар бұлағы –дінмен біте қайнасқан. Қазақ халқының бойынан имани әдептерді ісі мен сөз сараптауынан мақал мәтелдерінен таба аламыз. Мұның өзі ақыл-ойының асыл діннен ажырамағандығын көрсетеді ұлттың ұтқыр ойлау жүйесінде ойып тұрып орын алатын осы айтылымдар дәстүрлі қазақ мәдениетінің Ислам дінімен біте қайнасып жатқандығын айғақтайды. Салт-сананың шынайы сеніммен сабақтасып жатқандығын білдіреді Арғы ата тегіміздің Құранмен хадисті басшылыққа алып, амал еткенін. «Шын мәнінде, сен әлбетте ұлы мінезге иесің», (Қалам сүресі 4-аят) деген аяттағы ұлы мінез сөзіне ғалымдар «әдеп» деп түсіндірме берген. 

Ибн Ал Мубарак атты ғалым былай деген: «Әдепті отыз жыл үйрендім, одан соң жиырма жыл білім алдым». Деп, әдеп іліміне баға жетпес орын беруіде ғажап емес. Әрдайым елдің амандығы мен ұрпақтың кемелділігін Алладан ықласпен тілеп, кейінгі ұрпаққа «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп, ылғида ұрпағына жақсы өсиеттерін қалдыра білген. Бабаларымыз «Ертеңін ойлаған ел азбайды» деп ұрпақты рухани бір тәлім тәрбиеге үйрете білген.Қазақ үшін туған жер аса қасиетті. Ел мен жердің қасиеті мен киесі-ұлы жәдігер.Ұлттық байлық. 

Халқымызда «Қартайғанда бақытты боламын десең, балаңды иманды етіп тәрбиеле» деген ерекше бір мәнді сөзді алға тартқан. Егемен елді жауға алдырмайтын, дауға қалдырмайтын бабаларымыз. Сондықтанда   әдептілік сипатын үлкендерден үйреніп, бала кезден бойға сіңіріп өскен ұрпақпыз. Бабаларымыздың ғұмырында ар мен дінді сату, әдептен озу- үлкен қорлық санаған. Ел арасында мерейі үстем болған ағаларымыз кешегі Қария мен бүгінгі қарияны салыстырып: «Дүйім жұрт сөзін тыңдап, пікіріне құлақ асқанды абыз дейді. 

Ауыл аймаққа әмірі жүрмейтінді ақсақал атайды. Ал елдік сананы қалыптастыра алмай, ауыл- аймақ күйбеңінің шырғалаңында жүргенді шал дейді». «Бүгінде шалдар көп, бірақ ақсақалдар аз» дейтін сөздің жаны бар. Кешегі  Қариялар иманның негізінде ұлттық сана мен шариғат тәлімдерін қалыптастырып, елді ізгілікке бастаған кешегі Бұқар жыраулар өз өмірінде өзгеге өнеге қалдыра білді. Жақсының аты, Ғалымдардың хаты өшпейтінін ұғындық. Күйбелең тіршілігін алға тартқан талай Қарияларда өмір сапарынан ажырап қалғанын білеміз. Аллаға мыңда-бір шүкір айтып, кешегі бабаларымыздын аңсаған кең байтақ ұлан қайыр жер мен азат елге айналдық. Сол бабаларымыздың ұрпағы бүгінгі Қария. «Қариясы бар елдің қазынасы бар» демекші,Үлкеннен бата алу жастарымыздың әдебі. Бірде жас бала Төле би бабамызға келіп сәлем беріп, сұрақ қойған жас балаға: Төле би былай деген екен:

- Бата - басқа, қына - тасқа, ақыл - жасқа, не қалайсың, балам? - депті. Сонда Жетес бала: - О, қасиетті, баба! - Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, - депті. Онда колыңды жай, балам, - деп Төле би: - Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың  ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала, аумин, Қараны қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе көпшілікті жағала.

Өзіңе өзің кәміл бол, - Халыққа әділ бол, Жауыңа қатал бол!- аумин, деп бата беріпті.

мандылық тәрбие мен әдеп Алла Тағаланың пендесіне берген үлкен бір сыйы. Қасиетті Құранда «Расында сендер үшін, Алланы да ахирет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың елшісінде көркем өнегелер бар»-дейді. Адам өз өмірінің әр сәтінде  Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ға еліктейтін болса, ислам әдебіне амал етуші болады. Әдептіліктің ең көркем үлгісін.Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.)нің сүннетінен іс жүзінде амалға асыра аламыз. Сол ықылым замманнан бері  әр-бір мұсылман қауымы әдептілігін өнеге тұтуда. Ата –бабаларымыз «Қариясы бар елдің –қазынасы бар» десе. 

Елдің ынтымағы мен бірлігі үшін аянбай тер төккенін Қарияларды тарихтан білеміз. Қазақ халқы бір сөзге тоқтаған дана халық. Ертеде жер дауы, жесір дауы тағы басқа қандайда бір мәселе туындаса, ауыл ақсақалдарына жүгініп төрелігін сұрайтын. Қариялардың  шешкен пікірлеріне халық риза болып бір тоқтамға келетін. Себебі бабаларымыздың ұғымында ар мен дінін сату, әдептен озу- үлкен қорлық саналған. Тәуке ханның тұсында қабылданған «Жеті жарғының» жазасы- ар мен дінін сатқандарды елден шектеу болды. Өз елі өзектен тепсе, одан асқан абройсыздық пне қорлық бар ма? 

Осы тұрғыдан келгенде ата-бабамыз бүгінгі қазақ қоғамындағы көрініс тауып жатқан алдау-арбау, ұрлық-қарлық, анаға ауыр сөз айту т.б. секілді келеңсіз жайттардың жауабын асыл дініміз- Исламнан тапқан. Соның дәлелі болар, бабаларымыз өмір сүрген кезең- қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда жетімдер үйі, қарттар үйі болмаған біраз нәрені аңғартса керек. Ислам АллаТағалаға құлшылық қылуға, ата-анасына құрмет көрсетуге, әдепті болуға бұйырады. Абайша айтқанда: «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын» деген екен. Әдеп ғылымның атасы деп жырлаған бабаларымыз.
 
ҚМДБ Алматы қаласы
Жетісу ауданы, «Амин» мешітінің
Бас иамы  Толепов Ержан Сматұлы

09.06.2017

   
   
 


Статья закрыта от комментирования

Мировые новости

 

Сейчас обсуждают

Ассалямуалейкум!По воле Аллаха произвели закуп продуктовых корзин на 20 семей. Продукты доставлены...
07.04.2017 12:52
 
Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Из истории: Наказание за убийство мусульманина ✅
Посланник Аллаха (саллаллаху алейхи ва саллям), прежде чем отправиться из Лучезарной Медины, направил Абу Катада (радыйаллаху анху) в сторону Наджда с отрядом, дабы ввести врага в заблуждение. Когда...Читать далее
22548
 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
22983