Видео: Алматыда 30 кітап кімге бұйырады сайысы жарияланды

019

15.06.201702062
Алматы қаласындағы жамағаттың сауаттылығы жоғары екендігі халқымызға мәлім. Жамағат сауаттылығының негізгі себебі біріншіден – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ағартушылық бағытқа аса мән беруі болса, екіншіден – мешіт жамағаттарына білікті ұстаздардың уағыздары жиі жүргізілуі.

Бермектің алмағы да бар, алмақтың да салмағы бар демекші... Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Ауесханұлының тапсырмасымен мешіт имамдары жамағатқа берген білімдерін сынау мақсатында «1 000 000 кімге бұйырады» ойынының сарынындағы «30 КІТАП КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ» атты сайыс ұйымдастырды.

Сайыс талаптары төмендегідей:

1. Екінті намазына келген жамағатқа хабарландыру айтылады. Күнделікті жиылған жамағат ішінен 1 сұраққа жауап берген адам ойынға қатысу құқына ие болып, ойын үстеліне отырады.

2. Әрмен қарай 15 сұрақ қойылып, сұрақтар 3 бестікке бөлініп, оның 1-5 аралығы жеңіл сұрақ, 5-10 аралығы орташа сұрақ, 10-15 аралығы күрделі сұрақтар болады.

3. Ойыншы әр дұрыс жауапқа 1 кітапқа ие болады.

4. Сұрақ жауабын білмеген ойыншы 3 түрлі көмекке жүгінуге құқы бар. Олар: 1-Ұстазына қоңырау шалу. 2- 50/50. 3- жамағаттан көмек сұрау.

5. Әр бестіктің дұрыс жауабы одан төменгі сұрақтар силығын күймейтін деңгейге көтереді. Демек ойыншы ойыннан сол жерде бас тарса болады немесе ары қарай еш қорықпастан тәуекел етсе болады. Келесі бестікке дейінгі силықтар қате жауап берсе, күйіп кетеді.

6. Ойыншының қате жауабы ойынды аяқтайды.

7. Сұрақ қиындығына қарай кітаптар саны да артып 15 сұраққа түгел жауап берген ойыншы ойын соңында 30 кітапқа ие болады.

Жамағат ойынға қызығушылықпен қатысып, сайыс жүргізушісі Ашимов Қасымға өз ризашылықтарын білдіруде. Мешіт жамағаты «Бұл тәріздес сайыстар жамағатымызды әсіресе жастарымызды рухани, адамгершілік ілімдерін меңгеруге үлкен септігін тигізеді»,- деуде.

Пайғамбар Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үйінен шығарда киімін немесе аяқ киімін білім алу үшін немесе білім үйрету үшін кисе табалдырықтан аяғын аттаған сәтте оның күнәләрі түгел кешіріледі»,-деген. («Табысты саудагер» кітабы, Абу Дарда р.а. риуаяты.)

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі









































15.06.2017

   
   
 


Статья закрыта от комментирования

Мировые новости

 

Сейчас обсуждают

Ассалямуалейкум!По воле Аллаха произвели закуп продуктовых корзин на 20 семей. Продукты доставлены...
07.04.2017 12:52
 
Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
82578
 
Качества примерных супругов ✅
Примерная жена Приоритетом примерной супруги является стремление угодить Аллаху. Она желает приобрести качества хорошей жены посредством следования примеру пророка (мир ему и благословение Аллаха) и...Читать далее
81186