Умра ұтып алған жігіт неге жылады?

08

24.06.201702150
Алла Тағалаға сансыз шүкір! Еліміздегі барлық жамағатпен бірге біз де, Алматы қаласындағы «Таугүл-3» мешіті, Қадір түнін қарсы алдық. Сауап іздеп, Раббысының разылығын іздеп келген ізгі ниетті ағайын мешітіміздің ауласына сыймай қалды! «Нұр-Мүбәрәк» Ислам мәдениеті университетінен келген білікті ұстаздардың уағыздарынан кейін «Жаныңда жүр жақсы адам» деген марапаттау шарасы болды. Шымкент өңірінен бірі 3 жасар, екіншісі 1,5 жасар сәбиді суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалған, 6-сыныпта оқитын Демежан Сайлауұлы мен Мұхамедәли Агменұлы деген қос батыр, Павлодардан өрттен 9 адамды құтқарып қалған Мансұр Рамазан деген жігітті қонаққа шақырып, Алғыс хатымызбен қоса, қомақты қаржылай сыйлығымызды табыс еттік. Бұл шараға Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағамбет арнайы келіп, насихатын айтып, ерлердің ісін үлгі қылды; мейірім мен жанашырлықты уағыздады. Нұрбек мырза сондай-ақ Стамбулдан келген қари Юсуф Бахриұлының иығына арнайы тігілген ақ шапанды жауып, ішіне ат сыйып кеткен ақ конвертті де табыстады.  Аталған шара барысында мешітіміздің ақсақалдарына да құрмет көрсетілді.

Ілтипатқа разы болып, жүзі жайнаған бауырларымызбен бірге біз де марқайып, қуанып қалдық!

Одан кейінгі кезек «Сұрақ-жауап» ойынына ауысты. Жүзден жүйрік шыққан  жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестірілді. Ойын соңында мешітіміздің бас имамы Нұржан Таласұлы  Умра қажылығына жолдаманы ортаға салып, кеш көрігін қыздырды! Жолдаманы ұтып алған Асфандияров атындағы мединституттың 4-курс студенті Маздақ Асқарұлы деген азамат көз жасына ерік берді. Әрине, мұндайда босамаған жүйке - темір болса да, тот басқан темір сияқты болмай ма?!..  Миллиондардың арманы болған қасиетті мекенге аяқ астынан жол түскенде, жас шықпаса, әй ол көзден пайда кем-ау...

Берекелі түннің соңы 1000 адамға берілген сәресімен түйінделді...  

Жаратқан Ием Қадір түнгі дұға-тілектерімізді қабыл етіп, жүзімізді жарық еткей!

Алғадай Әбілғазыұлы
Алматы қаласындағы «Таугүл-3» мешітінің баспасөз қызметкері

















24.06.2017

   
   
 


Статья закрыта от комментирования

Новости мечети

 

Сейчас обсуждают

Ассалямуалейкум!По воле Аллаха произвели закуп продуктовых корзин на 20 семей. Продукты доставлены...
07.04.2017 12:52
 
Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
71110
 
Качества примерных супругов ✅
Примерная жена Приоритетом примерной супруги является стремление угодить Аллаху. Она желает приобрести качества хорошей жены посредством следования примеру пророка (мир ему и благословение Аллаха) и...Читать далее
69722