Алматы Орталық мешітіндегі Қадір түні

119

24.06.20170847
Маусым айының 21-нен 22-не қараған түні Алматы қаласының жұтшылығы қасиетті Қадір түнін қарсы алды. Алматы Орталық мешітіне жиналған жұрттың саныжылдан жылға артып, имандылыққа бет бұрған жастардың көптігі бірден көзге көрініп тұрды. 
 
Естеріңізде болса, Орталық мешіт Рамазан айы бойы жамағат арасында «Раббым, білімімді арттыр!» атты сайыс өткізіп келген болатын. Сол сайыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Қадір түніне дөп түсіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
 
Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы Қадір түнінің ерекше құндылықтары жайында қысқаша уағыз айтып, артынша сайыс жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті:
 
1 орынға 80 кітап;
2 орынға 32 кітап;
3 орынға 12 кітап.
 
Сонымен қатар, биылғы Рамазан айында алғаш рет ораза тұтқан 15 адамға құнды сыйлықтар таратылды.
 
Жамағат арасында өткен «30 кітап кімге бұйырады?» атты тағы бір доданың жеңімпаздары да жүлдесіз қалмады. Білімдерімен көзге түскен жеңімпаздарымыз сыйлықтарын қанжығаларына байлап кетті.
 
Мешітке жиылған жамағат түнімен құлшылықта болып, уағыз-насихаттар тыңдап, Қасиетті Құранның қырағатын тамашалады.
 
Түн соңы таяғанда Медеу ауданы әкімінің атынан жамағатқа сәресі берілді.
 
Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла Тағала Қадір түнін менің үмметіме сыйлық етіп берген. Мұндай нығмет бұрынғы үмметке бұйырмаған», – деп Сіз бен бізге сүйінші хабар айтып, шаттыққа бөлеген.

Алла Тағала бір ай бойы ұстаған оразаларымыз бен Қадір түнінде жасаған дұғаларымызды, тілектерімізді қабыл еіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.








































24.06.2017

   
   
 


Статья закрыта от комментирования

Новости мечети

 

Сейчас обсуждают

Ассалямуалейкум!По воле Аллаха произвели закуп продуктовых корзин на 20 семей. Продукты доставлены...
07.04.2017 12:52
 
Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Из истории: Наказание за убийство мусульманина ✅
Посланник Аллаха (саллаллаху алейхи ва саллям), прежде чем отправиться из Лучезарной Медины, направил Абу Катада (радыйаллаху анху) в сторону Наджда с отрядом, дабы ввести врага в заблуждение. Когда...Читать далее
22549
 
Предписания, содержащиеся в Коране ✅
В Коране содержатся предписания на все периоды жизни человека. Эти предписания можно собрать под тремя основными заголовками:1. Предписания веры (и’тикâд): предмет богословского учения...Читать далее
22984