Фотогалерея

6 маусым 2015 жылы Аматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне орай және «Дін мен дәстүр» жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін мешіт жамағаттары арасында Қазақ күресінен II республикалық турнир өтті.

   
   
4374
 
1 маусымда әлем елдері балаларды қорғау халықаралық күнін атап өтті. Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Орталық мешіттің ұйымдастырған балаларға арналған мерекелік іс-шарасына қатысты.

   
   
23635
 
Елімізде Ислам діні қуат алып, кеңінен таралып жатқан шақта, Жаратушы Алла Тағаланың қалауымен, діннің насихаты қалалардан ауылды аймақтарға жайыла бастағаны күннен күнге көріп келеміз. Осынау фитнәға толы заманда ұрпағының Батыстық «мәдениетке» еліктегенін қаламайтын ата-ана, ұл-қыздарын иманды да ибалы тәрбиеге бейімдеу үшін медресе іздеп, сонау ауылды жерлерден жол тартып Шымкент, Алматы, Астана сияқты қалаларға келіп жатушы еді. Ал ендігі кезеңде ислами білім ордалары сол ауылдардың өзінде бой көтеріп жатыр. Әрине бұл – қуантатын жағдай, себебі елімізде атам заманнан бері қалыптасқан дәстүрлі дінімізді насихаттау, халықтың діни сауатын ашу, жастарымызды сан алуан жат ағымдардың құрықтарынан аман алып қалу – еліміздің, ұлтымыздың ертеңгі күнінің қамы.

   
   
14733