Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Есмағамбет "Әл Хамид" мешітіде өткен Мәуліт мерекесіне қатысты

Рейтинг:

   
   
 
16 қаңтарда, қасиетті Жұма күні Алматы қаласындағы "Әл Хамид" мешіті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрметіне арналған Мәуліт мерекесін атап өтті. Мерекені ұйымдастырушы - "Әл Хамид" мешітінің бас имамы  Асылхан Аманқұлов мешіт жамағатымен бірге мерекелік жиынға Орталық мешіттің бас имамы Нурбек Есмағамбетті, нәиіб имамдар мен жергілікті ақсақалдарды шақырды.

Мерекелік іс-шара Бас имам Н.Есмағамбеттің құттықтау сөзімен ашылды. Артынша Құран және мәүліт оқылған соң, мешіт жамағаты мен қонақтар иық тіресіп Жұма намазын оқыды.
Әлібетте, "Қазақ" десе көз алдыңа кең дастархан келеді" демекші, мерекені ұйымдастырушылар  қонақтарға ақ дастархан жайып, салт-дәстүріміз бойынша ақсақалдардың баталарын алды. Ал мешіт жамағатына Қасиетті Құранның таратылуы мерекелік көңіл-күйді одан әрі гүлдендіре түсті.

Аталған іс-шара барша мұсылмандар үшін ерекше болған Мәуліт айына ұштастырылғанымен, Ислам дініміздің еліміздегі әр түрлі ұлттардың басын бірлік пен татулықта біріктіруші күш екені айқара сезілді.

Алла Тағала осындай мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, еліміздің бірлігі үшін, асыл дініміздің салт-дәстүрімізбен үйлесіп, ел арасында кеңінен таралуы үшін еңбек етіп жатқан "Әл-Хамид" мешітінің ұжымына сауаптан жазсын.

Azan.kz
Фотогалерея закрыта от комментирования