Түрксіб ауданында жаңа мешіт ашылды

Рейтинг:

   
   
 
Бүгін, Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты Қайрат ауылында жаңа мешіт ашылды. Мешіттің ашылу салтанаты барша мұсылмандарға қасиетті болған Жұма күніне тағайындалып, мешітте ең алғашқы жамағатпен оқылған намаз – Жұма намазы болды. Бұл есте қаларлық оқиға ауыл тұрғындары үшін ерекше маңызды болғандықтан, жаңа мешітке ауылдың алты жасар баласынан бастап, алпыс жасар қариясына дейін жиналды.

Мешіттің ашылу салтанатына жиналған мұсылман қауымын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет және Түрксіб ауданының әкімі Устюгов Владимир Николаевич құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

Атап айтқанда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Қайрат ауылында ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің демеуімен бой көтерген жаңа мешіт, Алматы қаласы бойынша 42-ші мешіт екенін ерекше айта келе: «Бұл елдің имандылыққа көптеп бет бұрғанын, халықтың жағдайының жақсарғанын, әл-ауқатының артқанын, сондай ақ бірлігіміздің, тірлігіміздің бір екенін көрсетеді»,-деді. Артынша, мешіттің бас имамы ретінде тағайындалған Мұратхан Мұхтарханұлын жамағатқа ресми түрде таныстырып, мешітке Қасиетті Құранды сыйға тартты.

Салтанатты іс-шараның арты Жұма намазына жалғасып, елімізге танымал болған ұстаз Сансызбай Құрбанұлы жүрек тербетер уағыз айтса, Алматы Орталық мешіттің азаншысы Әшімов Қасымның әуезді азаны салтанатты сезімді әрлендіре түсті.

Өз атымыздан, жаңа мешітке Алла Тағала береке нұрын шашып, ауылдың дни сауатын арттырып, жастарын имандылыққа бет бұратын ілім ордасына айналдырсын деген ниетпен, Қайрат ауылы мешітінің ұжымына Ислам дінін таратудағы жолда сабырлық пен сәттілік тілейміз.
Комментарии
+1
 
Алла Тағала берекесін берсін! Қуаныштарына ортақпыз!
 
 
0
Abuhanif
16:4414.03.2015
 
Альхамдулилляh
 
 
0
 
МАША АЛЛАХ
 
 
0
Арзыбек
00:1719.03.2015
 
МашАллах
 
 
Фотогалерея закрыта от комментирования