Алланың ңұры жауған ауыл. Бояулы ауылындағы білім ордасына саяхат

Рейтинг:

   
   
 
Елімізде Ислам діні қуат алып, кеңінен таралып жатқан шақта, Жаратушы Алла Тағаланың қалауымен, діннің насихаты қалалардан ауылды аймақтарға жайыла бастағаны күннен күнге көріп келеміз. Осынау фитнәға толы заманда ұрпағының Батыстық «мәдениетке» еліктегенін қаламайтын ата-ана, ұл-қыздарын иманды да ибалы тәрбиеге бейімдеу үшін діни оқу орындарын іздеп, сонау ауылды жерлерден жол тартып Шымкент, Алматы, Астана сияқты қалаларға келіп жатушы еді. Ал ендігі кезеңде ислами білім ордалары сол ауылдардың өзінде бой көтеріп жатыр. Әрине бұл – қуантатын жағдай, себебі елімізде атам заманнан бері қалыптасқан дәстүрлі дінімізді насихаттау, халықтың діни сауатын ашу, жастарымызды сан алуан жат ағымдардың құрықтарынан аман алып қалу – еліміздің, ұлтымыздың ертеңгі күнінің қамы.

Міне, осы жолы да «Алматы облысы Балхаш ауданында діни білім ордасының шаңырағы бой көтерді» - деген хабар алып, осы ізгі амалдың себепкерлері болған бауылралымыздың арнайы шақырулары бойынша, біз Бақанас ауылының маңындағы Бояулы ауылына іс-сапарға аттандық.  Айта кетер болсақ, аталмыш іс-шараға осыдан бірер уақыт бұрын еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы бастаған бір топ делегация барып, ресми түрде ашылу салтанатын өткізген болатын. Ендігі жолда істің мән-жағдайын өз көзімізбен көріп, елменмен бөлісуге бел байладық.
2. Ауылдың ортаңғы көшелерінің бірінде, ауыл мешітінің дәл қасынан бой көтерген ғимарат, ауыл тұрғындарының айтуларынша, жастары қалаларға кетіп, көшелері босап қалған ауылға бейне бір жаңа дем бергендей болды. Расында да, жан-жағына мешіт те, мектеп те, спорт алаңы да – барлығы ыңғайлы болып шоғындырыла салынған екен. Ауылға келген бетте, мешітке аяқ басып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті бойынша екі бас намаз оқып, ғимаратты аралауға кірісіп кеттік.
3. Әрине, қазақ кең дастархансыз қазақ болады ма? Ауыл азаматтары құшақтарын кең жая қарсы алып, мол дастарханның басына төрлетіп, қолдарынан келген қошеметтерін аяған жоқ.
4. «Ас – адамның арқауы» деген бабамыздан қалған сөзбен қаруланып, ауылдың қара қазанына пісіп, самаурынына ысталған тағамын татқан соң, жұмысымызды да бастап кеттік.
5. Үйіне қонақтатып, қазақтың қанына сіңген қонақжайлыған шашып салған ағамызға деген кішене болса да алғысымыздың нышаны болсын
6. Болашақ ғимараттың жобасы жан-жақты ойластырылып, өте ыңғайлы да оңтайлы етіп жүзеге асырылғаны бірден көзге көрінеді.
7.
8.
9.
10.
11. Бір ғимараттың ішінде болса да болашақ шәкірттердің жатақханалары оқу-әдістемелік қанатынан бөлек орналасқан.

Сыртынан шағын ғана болып көрінген ғимаратта тек жатақхана мен оқу бөлімін ғана емес, сондай-ақ: екі залдан тұратын асхана, кітапхана, оқу залы, спортзал, жуынатын бөлме, азық-түлік қоймасы, құдай тамаққа арналған бөлек зал сияқты басқа да ыңғайлықтар қарастырылған.
12. Ғимараттың оқыту қанатында қосымша дәретхана орналастырылған.  Бұндағы мақсат – болашақ шәкірттер дәрет алу үшін өз бөлмелеріне бармастан осы дәретханамен пайдалана алады. Намаз алдында дәрет алу үшін өте ыңғайлы.
13. Жобалаушылар көптеген оқу орындарында қалыптасып қалған «казармалық» жүйеден бас тартып, шәкірттердің жатын бөлмелерін 10-15 емес, екі адамдық етіп жасаған. Әр бөлмеде екі төсек, шкафтар мен дәретхана қарастырылған. Соның өзінде жалпы санағанда 20-25 оқушы емін-еркін тұрып, білім ала алады.
14.
15.
16.
17. Бұл жобаның тағы да бір ерекшелігі – лауазымды, құрметті қонақтарға арнайы жасалған демалыс бөлмелері. Ауылдың облыс орталығынан, басқа да ірі қалалардан алшақ орналасқанын ескере отырып, алыстан келген қонақ болған болса, шәкірттерге, ұстаздарға  ыңғайсыздық тудырмастан өз бөлмесіне орналаса береді.  Әр бөлме дәретхана мен жуынатын кабинкалармен жабдықталған. 
18.
19.
20. Шәкірттер мен ұстаздардың жуынатын бөлмелері бөлек орналасқан және бұл жерге қосымша автоматты кір жуғыш машинкалары қойылған. Болашақта кабинкалардың орталары бөлініп, бір-бірінен таса болып тұрады. Сонымен қатар ұстаздардың оқу-әдістемелік кабинеттері де бөлек, және оқу аудиторияларға жақын орналастырылған. Біз барған кезде кабинет жабдықталу барысында екен, мешіт қызметкерлерінің айтулары бойынша, кабинетке ұстаздардың оқыту-ағарту істерін атқаруға барлық мүмкіншіліктер жасалатын болады.
21. Аудиторияларды құралдармен жабдықтау жұмыстары да аяқталған.  Бір аудитория шамамен 10-15 оқушыға арналған. Дәл осындай көлемдегі аудиториялардың саны екеу болған болса, бір уақытта 20-25 шәкірт білім алады.
22.
23. Мәжіліс залы. Бұл жерде білім алып жатқан шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен, келген қонақтармен кездесулер, басқа да ресми іс-шаралар өтетін болады. Жақын арада мәжіліс залына интерактивті тақта мен проектор орнатылу жоспарланып отыр.
24. Асхана техниканың соңғы сөзімен болмаса да, асханалық құралдардың  ең жақсыларымен жабдықталған. Ас әзірлейтің орын, азық-түлік сақтайтын тоңазытқыш – барлығы үйлесімді етіп орналастырылған. 
25.
26. Асханада екі зал қарастырылған – бірінде шәкірттер мен ұстаздар тамақтанатын болса,
27. екінші зал келген қонақтарға арналған. Ал жалпы алғанда, бірінші залға бірден 40 адам тамақтана алатын болса, екінші залға 20 адам емін-еркін отыра алады. Асхананы осындай жобамен орналастырылуы да оқу-әдістемелік бағдарламалар аясында өткізілетін мерекелік іс-шаралар үшін өте ыңғайлы.
28. Асхананың   астында тағы да бір қабат қарастырылған. Жерасты қабатында асхананың қоймасынан бөлек құдай тамақ тарататын зал салынған, және ол жерде бір уақытта 200-ге жуық адам дастархандас бола алады.  Асқа шақырылған қонақтар қызыметкерлердің күнделікті жұмысына кедергі келтірмеуі  үшін, залға ауладан кіретін етіп есік шығарылып, ас әзірлеу бөлмесі бөлек жасалған.
29.
30.
31. Жерасты қабатында сондай-ақ, спорт залын орналастыру көзделіп отыр. Оқу орны ер балаларға арналған болғандықтан, біліммен қоса денсаулықты да шыңдау қажет, сол үшін осы жерге спорт жабдықтары, шынығу құралдары қойылады.
32. Ғимараттың  дәл ортаңғы бөлімінде оқу залы орналасқан.  Бұл залдың бір ерекшелігі – шатыры мықты әйнекпен жабылғандықтан, кітап оқып отырған адам бейне бір ашық аспан астында отырғандай сезінеді.  Жазғы күндері шатыр қалың тентпен көлеңкеленіп, ал күн тіпті ыстық болып кеткен жағдайларда жерасты қабатында орналасқан екінші оқу залына түсіп кетсе болады.
33.
34. Жаңа білім ордасының ерекше мақтанышы – кітапханасы.
35. Басында 20 000 кітапқа жоспарланып салынған кітапхана, іс жүзінде 40 000 кітап сыйдыра алатын болып шықты. Жақын арада бос тұрған сөрелердің барлығы Ислам дінінің, оның ішінде Әхлі сүннет жолын ұстанған ғұламалардың еңбектері мен елімізден шыққан дінтанушы, исламтанушы теологтардың жазған еңбектерімен толыққанды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
36. Қазірдің өзінде де кітапханаға шын мәнінде құны жетпей байлық қойылған – осы істі қолға алған бауырларымыз Мысыр елінде жылына бір рет өтетін дүниежүзілік кітап базарына арнайы барып, сол жерден елімізде бұрын соңды болмаған құнды кітаптар алып келген екен.
37.
38.
39.
40.
41. Ол жерде араб тілінде жазылған Ислам тарихы, Пайғамбарлар қиссасы, сахабалардың өмірбаяндары, хадис іліміне, ақида, фиқһ, көркем мінез, Құран тәпсірлері – жалпы 12 000-нан астам әр-түрлі тақырыптағы кітаптар жиналған. Солардың арасында:
42. «Муғаджәм әл Булдәм» - географиялық атаулар сөздігі

43. «Шурух уа хауаши ғалә ақаид ән-Нәсәфиә»

44. «Тафсир әл Құран ли ән-наши-ин» Құран тәпсірінің бастауыш деңгейі
45. «Ад-дурр әл-Масун» тәпсір грамматикасы
46. «Тафсир әл Хазин»
47. «Канз әл ғуммәл» хадистер жинағы тағы да көптеген білім қайнарлары қойылған
48. Арасында балаларға да арналған кітаптар кездеседі. Бірін айт та бәрін айт демекші, осындай ізгі істің ортасына түскеннен соң, қызығушылығымыз артып, жалпы ауыл бойынша жасалған істерді көруге ниет білдірдік. Оның нәтижесі әрі таңқаларлық, әрі қызғаныштық сезімдерін тудырды.
49.
50. Нақты айтар болсақ, Бояулы аулыныда бастауыш сыныптарға арналған мектеп жоқ болғандықтан, бүлдіршіндер сабаққа Бақанас ауылына баруға мәжбүр болған екен. Ал қазір болса, осы бауырларымыздың себебімен ауылда бастауыш мектеп бой көтеріп, балдырған балалар ауылда ойнап жүріп-ақ сабақ оқи береді екен.
51. Мектептің қасынан спорт алаңы салынып жатыр, бұл жерге жасанды газон төселіп, футбол, волейбол, баскетбол сияқты ойындармен шұғылдануға мүмкіндік жасалады.
52. Имандылық жолына түсіп, тағамының адал болуына аса ден қойған ауыл тұрғындары үшін «Халал» дүкені де ашылған. Бұл жердегі сауда-саттық Шариғат талаптарына сай харам ішімдіксіз, шылым-темекі және зиянды қоспалары бар азық-түліктерсіз жүргізіледі.

Ендігі жерде бізді жаңа ғимаратты жылу және ауыз сумен қамтамасыздандыру мәселесі қызықтырды. Сөйтсек, жылу жүйесі автономды қазандықтан электр қуаты арқылы жабдықталады екен. Штаттан тыс жағдайларға байланысты электр қуаты сөніп қалған жағдайларда, 1-2 секунд аралығында дереу автономдық электрогенератор қосылып, ғимараттың қуаттандыру жүйесі жұмыс жасай береді.  
53.
54.
55. Су құбыры бөлек әңгімені талап етеді.  Ауылдың шетінен арнайы құдық қазғызып, тереңдігі 80 метрден асатын құбырдан тап-таза, мөлдір су насостар арқылы жөнелтіп тұрады.  Алланың қалауы солай болды, әрине, табиғи жолмен шығып жатқан суды үнемі алып тұрмаса құбырдың кеуіп қалуы әбден мүмкін екен, сондақтан келесі жылдан бастап суды тек болашақ оқу орнына ғана емес, барлық ауыл тұрғындарына құбыр арқылы тартатын болыпты! Расында, Алла Тағала кімге жақсылық қаласа оның жақсы амалының іске асуын жеңілдетеді! 
56.
57.
58. Бір күндік іс-сапарымыз өз мақсатына жетті. Кішкене ғана ауылда бой көтерген осындай ізгі істердің көрінісі жанымызға жай беріп, еліміздің ертеңгі діни ахуалы үшін бір сенімділік пайда болғандай болды. Мешіт қызметкерлерімен қош айтысып, күн ауа жолға аттандық та, жол-жөнекей аудан отралығы - Бақанас ауылының мешітіне кіре кеттік.
59. Осыдан 10 жыл бұрын салынған мешіт әлі де көркін жоғалтпаған – ауласы кең, іші таза.

Алайда мешіт имамының  сөздері жанымызға тастай батып, жергілікті халықтың дінге деген көзқарасының әлі де түзеле қоймағандығын білдірді. Мешіт имамының сөзіне қарасақ, мешітте жамағат жоқ, жұма намазына берен-саран ғана адам жиналып, кейде бір қатар да толмай тұратын сияқты. Біз мешітке келген кезде екінті намазын мешіт имамы жалғыз оқып жатыр екен, осы көріністің өзі оның сөздерін растай түсті. Осы тұста «өздеріне Ислам дінін насихаттауды міндет деп тапқан бауырларымыз қалайша бұл жерге жетпей қалған?» деген ой келді. Бірақ, Алла – Ұлық! Күндердің бір күнінде, Бояулы ауылының медресесінен шыққан ілім нұры Бақанас ауылына да жетіп, мешіттің іші жамағатымен гүлдене түседі деген үмітте боламыз.
60.
61. Сайт ұжымының атынан осы мақаланың дайындалуына ат салысып, ақ дастархандарын жайып, кең құшақпен қарсы алған Бояулы ауылының мешіт қызметкерлеріне, жаңадан бой көтерген оқу орны жайлы, жалпы ауылдың жағдайы туралы толыққанды мәлімет беріп, репортажымыздың бір бұрышын ұйымдастырған Бояулы ауылының имамына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, осындай ізгі де, сауабы Қиямет күніне дейін жалғаса беретін істі қолға алып отырған бауырларымыз үшін Жаратушы Алладан екі өмірдің бақытын тілеп, оқырмандарымыздан дұғада болуларын сұраймыз.      

_____________________________________________________________

© Azan.kz

P.S. Суреттердің авторлық құқығы www.azan.kz сайтына тиесілі.

Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз,

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы  
Комментарии
+1
Guest)
23:2802.06.2015
 
Машааллах! 34- 49 суреттер көздің жауын алды:) машааллах, тааакие книгии, субханаллах! Дай Аллах благое знание тем, кто будет там учиться, применять эти знания и пусть дела примутся как от праведных рабов.

Машааллах! Білімді де білікті устаздар болса, сонда оқитын неткен бақытты жандар десейш:) иншааллах. Алланың сүйікті құлдары болуға нәсіп етсін!
 
 
Фотогалерея закрыта от комментирования