Фото: Бас мүфти балалардың мерекелік шарасында

Рейтинг:

   
   
 
1 маусымда әлем елдері балаларды қорғау халықаралық күнін атап өтті. Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Орталық мешіттің ұйымдастырған балаларға арналған мерекелік іс-шарасына қатысты.

«Бүгінгі бүлдіршін – Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағы. Жас ұрпақ озық ойлы, білімді де, тәрбиелі болуы керек. Тәрбие тал бесіктен басталады. Мешіттерімізде ұйымдастырылып жатқан тағылымды іс-шаралар бөбектердің саналы, ибалы болып өсуіне зор әсер етеді. Сондықтан, бірінші маусым балаларды қорғау күнінде мешіттерде жыл сайын түрлі шаралар өтеді. Биыл да еліміздің барлық өңірлеріндегі мешіттерге осындай игі шара ұйымдастыру туралы нақты тапсырмалар берілді», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Аталған мерекеге дайындық жоғары болды. «Топжарған» акробаттар тобы қойған мерекелік көрініс бүлдіршіндерге ерекше шаттық сыйлады. Игі шара барысында балаларға тәтті балмұздақтар мен түрлі сыйлықтар тегін таратылды.

Бұған қоса, атаулы күнге орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мешіттердегі жазғы діни сауат ашу курсында үздік оқып жатқан бүлдіршіндерге велосипед сыйға тартты.
Комментарии
+1
Yelzhan
01:3005.06.2015
 
:)
 
 
0
Vali
20:0220.06.2015
 
Альхамдулила, рахмет уйымдастырушыларга Адамдар.
 
 
Фотогалерея закрыта от комментирования