Қазақша күрес -2015

Рейтинг:

   
   
 
6 маусым 2015 жылы Аматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне орай және «Дін мен дәстүр» жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін мешіт жамағаттары арасында Қазақ күресінен II республикалық турнир өтті.

Ұлттық спорттың абыройын асқақтатқан дүбірлі доданы жанкүйерлермен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы, Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет, қазақтың даңқты балуаны, күрестен тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров т.б. спорт шеберлері тамашалады.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін ұйымдастырылған додаға өңірден іріктеліп шыққан жасы 18-ден асқан, салмағы 74 келіден жоғары 75 балуан қатысты. Сонымен халықаралық дәрежедегі төрешілер шешімімен төмендегі спортшылар жүлделі орындарға ие болды.

І орын – Жайық ҚЫҢЫРБЕКОВ (Алматы облысы). Үлкен қажылыққа тегін жолдама (750 000 теңге қаржылай сыйлық).

ІІ орын – Алмаз БЕГІМБЕТОВ
(Жамбыл облысы). Кіші қажылыққа тегін жолдама (375 000 теңге қаржылай сыйлық).

ІІІ орын – Ақжол РАҚЫМЖАНОВ
(Қостанай облысы). Теледидар (200 000 теңге қаржылай сыйлық).
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
23.
24.
Фотогалерея закрыта от комментирования