"Байкен" мешітіндегі ауызашар

Рейтинг:

   
   
 
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен!

Қасиетті Рамазан айы басталысымен, осы айда жасалған әр-бір жақсылықтың сауабы бір неше есе артатынын білетін мұсылмандар, бір ай бойы жақсылықта жарысып, сауап іздеумен болады. Құдіреті күшті Жаратушы Раббымыз Алла Тағала осы айда мұсылмандардың сауапқа кенелулеріне көптеген мүмкіндіктер беріп қойған. Ал ораза айының ең жақсы болған амалдарының бірі – бауырыңды қуанышқа бөлеуге не жетсін десеңізші!

Адамзаттың абзалы, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), айтқан: «Рамазан айында ораза ұстаған мұсылманға екі түрлі қуаныш бар: біріншісі ауыз ашқан кезіндегі қуаныш, екіншісі ұстаған оразасы үшін Раббысынан алған сауабы үшін қуаныш». Ал шыжғырғын ыстық күні ораза тұтқан адамға ауыз аштырып, бір жұтым салқын су  болса да беріп, қуантқан адамның өзі үшін қаншалықты сауап бар екенін тіпті қиялмен де өлшеуге мүмкін емес!

Күллі мұсылманның осы айда меңзегені Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), мына хадисінде көзделген мақсат: «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі». Осы хадиске амал жасап, оразаның әр күні сайын Алланың шексіз сауабын үміттеніп жатқан Алматы қаласы «Байкен» мешіті ұйымдастырған ауызашарға біз де қатысып, осы ізгі іс-шараның  ұйымдастырылуын сынап-бағып келген жөніміз бар.
2. Қаланың ортасында бой көтерген мешіттің ауласы жоқ десек те болады.  Алайда мешіт ұжымы ауызашар дастарханын жерасты көлік тұрағына (паркинг) жайған екен - әрі салқын, әрі кең.
3. Паркингте 480 –ге жуық адам сиярлық дастархан жайылған – үлкен кісілер мен сыйлы қонақтар орындықтарға, жастар мен бала-шаға – жерге төселген кілемнің үстіне жайғаса береді.
4.
5.
6. Ауызашарды әдетте халық таратады – осы мақсатқа қаражат бөліп, азық-түлік сатылып алынады. Мешіттің Бас имамы Құлмухаммед Маханбет ағаның айтуы бойынша, бір адамға орта есеппен 700 теңге шығады екен. Бір қарағанда сондай көп те ақша емес, алайда осы ақшаға алынатын азық-түлік:

- 1 порция ыстық тамақ;
- 1 порция салат;
- екі түрлі сусын;
- 1 порция жеміс-жидектер;
- нан;
- шәй

Мешіт өз тарапынан дастарханға қосымша тәттілер қояды.
7. «Ауызашар» дешен сөзді естігенде, көз алдымызға қара қазан мен қайнаған самаурын келеді. Расында да жайылған дастархандарды көрген кезде ең бірінші көкейге: «Қазан-ошақ қайда асылып жатыр екен?»  деген сұрақ келіп, «Мүмкін кафелердің бiрiнде әзірленіп жатқан болар» деген тұжырым жасап қойдық. Алайда барлығы біз ойлағандай болмай шықты. Мешіт басшылары заманмен қатар аяқ басып, тағам өндірісінің соңғы жетістіктерін белсенді падалануда екен. Алматы қаласында бірнеше дүкен желілері ашылған «Biomart» компаниясымен келісім шартқа отырып, Оразаға сай безендірілген контейнерлегре тапсырыс береді. Біздің контейнерімізде осы жолы қуырылған ет, рагу, күріш және қасық пен шанышқы болды, аса көп те емес, аз да емес - ораза ұстаған адамға әбден жеткілікті. Тамақ дәмді де тойымды болғанын әдетте «тамақ» десе талабы өте жоғары әріптесімізден байқадық. Дастарханға келмес бұрын: «Жігіттер, қатты тойып жемей-ақ қояйық, жай ғана ауыз ашып, кейін асықпай бөлек тамақтанып аламыз» деп жүрген бауырымыз, алдына қойған асты бізден бұрын тауысп жеп алыпты!   
8. Ақшам намазын оқып болған жамағат дастарханға жайғасып, бірі қуанып, бірі қуантып жатты.
9.
10.
11.
12.
13.
14. «Байкен» мешітінің бас имамы Құлмухаммед Маханбет, немесе жай ғана «Қажеке» ағамыз.
15. Жамағатқа қызмет жасау үшін «Әбу Ханифа» медресесінің шәкірттері арнайы тағайындалған. Дастарханда ауызашардың басынан аяғына дейін қызмет істеп, қонақтарды таратып болған соң, жігіттер асықпай тамақтанып, тарауық намазына күш жинауда. 
16.
17.
18. Тарауық намазында күніне бір жарым пара Құран оқылады екен. Ал сол тарауық басталмас бұрын, мешіттің нәйб имамы Қабылбек ұстаз тарауықта оқылатын сүрелерге қысқаша шолу жасап, мағынасын түсіндіріп, сол сүрелерде қамтылған маңызды мәселелерге тоқталып кетеді екен. Бұл өте жақсы бастама, себебі тарауықта оқылған сүрелерде Алла Тағала бізге не айтып, нені мақсат етіп жатқанын білген адамның намазы да ерекше болмақ.
19. Жұмыс бабымен тарауық намазына қатыса алмасақ та, ауызашарда қонақ болып, Қажекеңнің дастарханынан дәм татудың өзі қуантарлық оқиға болды. Бізді қонаққа шақырып, ауызашар беріп қуанышқа бөлеген «Байкен» мешітінің ұжымы мен осы ауызашарға себепкер болған барлық аға-бауырларымыз бен әпке-қарындастарымызды Қияметте Алла Тағала  Өзі қуанышқа бөлеп, Жәннат бақшаларынан мекен нәсіп етсін. Әмин!
Фотогалерея закрыта от комментирования