Открытие мечети "Халифа Алтай" / "Халифа Алтай" мешітінің ашылуы

Рейтинг:

   
   
 
В этот Священный месяц, Аллах, Субханаху уа Таъаля, радует наши сердца не только обилием людей на коллективных молитвах, ифтарами и другими особенностями Рамадана, но и такими приятными и полезными событиями, как открытие новой мечети в поселке Кыргауылды Карасайского района Алматинской области, которое состоялось на прошлой неделе. Как и большинство мечетей нашей страны, новая мечеть также имеет свою историю, которую местные жители поведали гостям. Изначально на этом месте была столовая, но со временем, люди в поселке начали осознавать важность намаза, и все больше людей, особенно молодежи, стали выполнять пятикратную молитву. Количество молящихся не переставало расти, и чем больше людей становилось на путь Ислама, тем сильнее сказывалось отсутствие помещения, где можно было бы совершать коллективные намазы.  Тогда, по милости Аллаха, владелец столовой решил перестроить свое помещение под намазхану, однако уже через некоторое время и ее стало мало. Аксакалы и все старшее поколение сетовало на отсутствие мечети и тесноту помещения для молитвы, которое уже не вмещало всех желающих совершить намаз. Тогда за дело взялись молодые…

В течение двух лет разрабатывался проект будущей мечети, который менялся неоднократно до тех пор, пока не удовлетворил все требования заказчиков. В итоге, получилась красивая мечеть, рассчитанная на 450-500 человек, с тахаратханой, двумя молельными комнатами  и просторной территорией. 

В нашей стране принято называть мечети по именам людей, оставивших свой след в истории того или иного региона, и эта мечеть не стала исключением – ее решили назвать именем человека, который внес неоценимый вклад в развитие Ислама в Казахстане – Халифы Алтай.

На церемонии открытия присутствовали Верховный муфтий страны Ержан кажы Малгажыулы, Главный имам Центральной мечети Алматы Нурбек Есмаганбет, сын Халифы Алтай Абдурахим Халифаулы и представитель областного имама. По традиции, мероприятие началось с чтения Священного Корана, после чего хазрат Ержан Кажы Малгажыулы выступил с поздравительной речью и подарил имаму мечети Священный Коран.  

Поскольку начало торжественного мероприятия было приурочено ко времени ифтара, внутри мечети и во дворе был накрыт дастархан. После экспресс-ифтара и коллективной молитвы, гостям предложили праздничный плов с горячим чаем и сладостями. Еще один день Рамадана завершился для мусульман радостным событием. Еще одна мечеть будет радовать прихожан своим видом, теплом и уютом, располагая к главной цели - поклонению и благодарности Аллаху.

Пусть Аллах воздаст многократным благом всем, кто принял участие в строительстве этой мечети, будь то материальная помощь или физический труд, и возведет им дворцы в райских садах.     

___________________________________________________

Қасиетті Рамазан айында Алла Тәбәрәкә уа Тағалә күніні оразамен, түнін құлшылықпен өткізіп жүрген Алматы облысы Қырғауылды ауылының мұсылман жамағатын ерекше оқиғамен қуантты - ауылда көптен күткен мешіттің салтанатты ашылу мерекесі аталып өтті. Еліміздің көптеген басқа мешіттері секілді, бұл мешіттің де өзіне тән тарихы баршылық және біз ол тарихты мерекеге жиналған жұрттың өз аузынан естіп білдік.

Алғашында бұл жерде жай ғана кішігірім асхана болған деседі. Уақыт өте келе, ауыл жұртшылығы Алланың қалауымен дінге қарай бет бұрып, бес уақыт намаз оқи бастаған кезде намаз оқитын жердің жоқшылығы байқала бастаған. Осыған орай, асхананың иесі бұл ғимаратын бұзып, асхананың орнына намазхана салған екен. Алланың құдіреті шексіз емес пе - намазхана салынған күннен бастап, намазға келген адамдардың саны да арта түсіп, ауыл ақсақалдары: "Шіркін-ай! Біздің ауылға да бір мешіт нәсіп болса ғой!" деп үнемі дұға жасаумен болса керек, көп ұзамай ізгі істің бастамасын өз қолдарына ауыл жастары алады... 

Екі жыл бойы болашақ мешіттің жобасы жасалынып, бір неше мәрте өзгертіліп барып құрлыс та басталып кетеді. Ақырында, ауылдың ортасынан 500 адам сиятын, екі залды, кең аулалы әдемі де көркем мешіт бой көтерді. 

Елімізде жаңа мешіттерге тарихта өшпес ізін қалдырған адамдардың аттарын беру деген керемет дәстүр қалыптасқан. Осы дәстүрге сай, жаңа мешітке Қазақстандағы Ислам дінінің таралуына баға жетпес еңбегін сіңірген Халифа Алтай атамыздың есімін беруді ауыл тұрғындарының барлығы бір ауыздан мақұлдаған. 

Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы, Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Есмағанбет, Халифа Алтай атамыздың ұлы Абдурахим Халифаұлы мен облыс имамының өкілі қатысты. Қасиетті Құран оқумен басталған мерекенің жалғасында әзреті Ержан қажы халыққа құттықтауларын айтып, жаңа тағайындалған мешіт имамына Құран кітабын сыйға тартты. 

Мешіттің ашылуын ұйымдастырушалыр Ораза айын ескере отырып, салтанатты мерекенің басталу уақытын ауызашар уақытымен сәйкестендіріп қойған екен, сондықтан мешіттің ішіне дастархан жайылып, ораза тұтқандар ауыздарын ашқаннан соң, жамағат болып ақшам намазы оқылды. Намаздан соң қонақтар мешіт ауласына жайылған кең дастархан басына жайғасып, дәмді палау мен ыстық шәй ішіп, тарауық намазына ауқаттана бастады. Осылайша Рамазан айының тағы да бір күні қуанышты оқиғамен өтті. Себебі елімізде тағы да бір мешіт бой көтеріп, ауылдың сәніне айналып қана қоймай, Алланың разылығына асығатын жамағатқа толды. 

Осындай сауапты да жемісті іске араласып, қаражаттай болсын, білек күшімен болсын ат салысқан бауырларымызға Алла разы болып, осы істеріне сай Жұмақтың төрінен зәулім сарайлар нәсіп етсін деген дұғада болайық, ағайын.


Azan.kz
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
23.
24.
25.
26.
27.
Комментарии
0
Laysa
09:2030.06.2015
 
А мне нравятся такие цвета и интерьер - расслабляющие, приятные - как в ГГ и Коктобе. Допустим, в Байкене очень много зелено-салатового, не комфортно там для намаза
 
 
0
 
Машалла
 
 
+1
Ravkat
21:3701.07.2015
 
МашАлла очень красивая мечеть Я присутствовал на открытие!
 
 
0
Кадылбек
22:5102.07.2015
 
Әлхамдулилла, Раббымыз Алла разы болсын.
 
 
0
sunnite
00:4007.07.2015
 
Пусть будет доволен Аллах тому кто построил мечеть
 
 
Фотогалерея закрыта от комментирования