Орталық мешітте хатым Құранның дұғасы оқылды

Рейтинг:

   
   
 
Кеше, Алматы Орталық мешітінде Рамазан айында басталған Қасиетті Құранның хатымы аяқталып, хатым дұғасы оқылды. Биылғы жылы да Құранның хатымы әдеттегідей 15 күнде оқылды. Тарауық намазы аяқталысымен Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет бастаған жамағат алақан жайып, хатым дұғасына қатысты. Баршамызға мәлім болғандай, осы жылғы тарауық намазын Орталық мешіттің нәиб имамдары, елге танымал қарилар Ерсін Әміре Абу Юсуф пен Қасымалиев Бахтияр жүргізген болатын.

Құранның хатым дұғасын Ерсін Әміре Әбу Юсуф оқып, артынша ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы баршама мұсылмандар үшін, еліміз, жеріміз, халқымыз үшін жарылқау тілеп, Алла Тағаладан мемлекетіміздің мәртебесін арттыруын, Ислам дініміздің қуаттануын, ауызбіршілігіміз бен егемендігімізді нығайтуды, ата-бабамыздан біздерге аманат болып қалған кең байтақ жерімізді ішкі және сыртқы жаулардан сақтауын тіледі.    

Алла Тағаладан Құран хатымын өткізген қариларымыз үшін екі дүниенің бақытын тілеп, мейірім-шапағатына бөлеуін сұраймыз. Баршамыздың тұтқан оразаларымыз, жасаған құлшылық-ғибадаттарымыз қабыл болсын дей келе, тарауық намазы Рамазан айының соңына дейін оқылатындығы жайлы ескертпекпіз. 

Azan.kz
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
23.
24.
25.
26.
27.
28.
29.
30.
31.
32.
33.
34.
35.
36.
37.
38.
39.
40.
41.
42.
43.
44.
45.
46.
47.
48.
Комментарии
0
Laysa
15:2003.07.2015
 
А вон мы с Казак Адамулы :)
 
 
+1
Shynggys
03:2810.07.2015
 
Бауыржан ұстаз жүр ғой))
 
 
0
Дәнияр
14:0511.07.2015
 
Ассаламуғалейкум! Құрметті администратор Ұстаз Ерсін Әміре Абу Юсуф хафизахуллах араб тілінде жасаған дұғаны видео ретінде аудармасымен жасайсыздар ма?
 
 
Фотогалерея закрыта от комментирования