Ораза айт – шүкіршілік мерекесі

Рейтинг:

   
   
 
Айлардың сұлтаны болған қасиеттi Рамазан айымен қимай қоштасатын сәтте келіп жетті. Оарза айы - құлшылық пен сабыр, береке мен бiрлiк айы болса, осы қасиетті айдың аяқталғанын айғақтайтын Ораза айт мейрамы - жер бетіндегі барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі.

Аталмыш мерекені Алматы Орталық мешіті де ерекше атап өтті. Жеті жасар баладан, жетпістегі қарияға дейін мешіттерде бас қосып, айтулы мерекені Айт намазын оқудан бастады. Рухани уағыз насихат тыңдап, намазға қатысқан ел, мешіт ауласында болып жатқан іс шараларға куә болды. Мерекелік Айт намазы қасиетті Жұма күніне дөп түсіп, мереке үстіне мереке ұласып, Жұма намазы оқылған соң, мерекенің жалғасы тағдырдың тәлкегіне ұшырап, ата-анасынан айрылған жетім балаларға арналды. Жетімдер үйлерінен Орталық мешітке қонаққа келген балаларға мешіт тарапынан арнайы ойын-сауық ұйымдастырылып, мешітіміздің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағамбеттің қолынан сыйлықтар алып, балалар ақ дастарханда бас қосып, мәз-мәйрам болысты. 

Бүгінгі айт мейрамы осындай жақсы дәстүрдің жарқын көрінісін паш етіп, алматылық тұрғындар мешіттердегі айт намазы мен ондағы басқада іс-шаралардан мерекелік көңіл-күйді сезінуде. Алланың үйінде бас қосқан жамағат құшақ жайып, бауырмалдық танытып, дұға-тілек жасасты. Ақ сақалды аталар батасын беріп, дін өкілдері ел мен жердің амандығын сұрап, Жаратқанға жалбарынды.
Фотогалерея закрыта от комментирования