ҚМДБ: Family Park саябағында «Мектепке жол» акциясы өтті

Рейтинг:

   
   
 
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Алматы Орталық мешіті жаңа оқу жылына орай «Family Park» саябағында «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды. Игі іс шараға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Орталық мешіттің бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысып, оқушыларға оқу құралдарын табыстады.

Қайрымдылық шараның тұсаукесерін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ашып: «Ұйымдастырылып жатқан іс шараның басты мақсаты – тұрмыстық жағдайлары нашар және көпбалалы отбасылардың балаларына биылғы жаңа оқу жылының қарсаңында демеу жасап, киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Аталмыш акция қазіргі таңда республикамыздың әр мешіттерінде өткізілуде және соңғы жылдары жақсы дәстүрге айналуда, сонымен қатар осындай акциялар алдыңғы жылдары да жалғасын табатын болады» – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Акция барысында 300 оқушыға қалам, дәптер сынды оқу құралдары берілді. Сонымен қатар, балалар бір күн «Family Park» ойын-сауық саябағына тегін кіріп, аттракциондарында ойнауға мүмкіндік алды.
Фотогалерея закрыта от комментирования