Алматы Орталық мешітінде Құран хатымының дұғасы оқылды / Хатм Корана в Центральной мечети

Рейтинг:

   
   
 
Маусымның 19 күні, Алматы Орталық мешітінде Рамазан айында басталған Қасиетті Құранның хатымы аяқталып, хатым дұғасы оқылды. Биылғы жылы да Құранның хатымы әдеттегідей 15 күнде оқылды. Тарауық намазы аяқталысымен Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет бастаған жамағат алақан жайып, хатым дұғасына қатысты. Баршамызға мәлім болғандай, осы жылғы тарауық намазын Орталық мешіттің нәиб имамдары, елге танымал қарилар Қасымалиев Бахтияр пен Ерсін Әміре Абу Юсуф жүргізген болатын.

Құранның хатым дұғасын Бахтияр қари оқып, артынша ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары ұстаз Сансызбай Құрбанұлы баршама мұсылмандар үшін, еліміз, жеріміз, халқымыз үшін жарылқау тілеп, Алла Тағаладан мемлекетіміздің мәртебесін арттыруын, Ислам дініміздің қуаттануын, ауызбіршілігіміз бен егемендігімізді нығайтуды, ата-бабамыздан біздерге аманат болып қалған кең байтақ жерімізді ішкі және сыртқы жаулардан сақтауын тіледі.    

Алла Тағаладан Құран хатымын өткізген қариларымыз үшін екі дүниенің бақытын тілеп, мейірім-шапағатына бөлеуін сұраймыз. Баршамыздың тұтқан оразаларымыз, жасаған құлшылық-ғибадаттарымыз қабыл болсын дей келе, тарауық намазы Рамазан айының соңына дейін оқылатындығы жайлы ескертпекпіз.

 
_______________________

 
19 июня в Центральной мечети города Алматы, состоялся хатм Корана. В этом году, как и в предыдущие, Священный Коран был прочитан в Центральной мечети за 15 дней. По окончанию таравих намаза, присутствующие, во главе с Главным имамом Центральной мечети Нурбек кажы Есмагамбетом совершили коллективное хатм-дуа.

В течение 15 дней известные хафизы Центральной мечети Касымалиев Бахтияр и Ерсын Амире Абу Юсуф полностью прочитали Коран в таравих намазе и завершили его чтением хатм-дуа. По окончании хатма устаз Сансызбай Курбанулы сделал дуа за всех мусульман, за страну, за единство народов нашей страны и укрепление Ислама.  
 
Просим Аллаха воздать многократным благом нашим имамам-хафизам, и напоминаем, что таравих намазы на этом не заканчиваются, а продолжаются на протяжении всего месяца Рамадан. И пусть Аллах примет наш пост и наши молитвы! Аминь.
Комментарии
0
Andukarim
08:5827.06.2016
 
МА ША АЛЛАХ !!!!!
Хадис пайгамбарымыз Мухаммед с.а.с : Менин уметтим адасуда бирекпейди!!! Осындайды корип тусинесин тура жолда екен жамаат!!! Дугалары кабыл болсын!!!
 
 
Фотогалерея закрыта от комментирования