Алматыдағы Қадір түні: есте қалған екі оқиға

Рейтинг:

   
   
 
Рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған Қадір түні Алматы қаласының Орталық мешітіне мұсылман қауымы жиналды. Мешітте ине шаншар жер жоқ. Жасы да, кәрісі де, осы түні мешітке ағылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған жамағат пен барша халықты қасиетті Қадір түнімен құттықтады.

«Мешітте емін-еркін құлшылық етуіміз, осындай мол нығметке бөленуіміз – Алланың қалауыман ауызбіршілігіміздің арқасы. Бірлік болса – дініміз өркендейді, қоғамда тыныштық орнаса – жақсылықтар мен игіліктерге бөленеміз. Рамазан – мейірім, кешірім айы. Бір-бірімізге мейірімді бола білейік, бауырлар. Қадір түнінің әрбір минутын жақсылықпен өткізейік. Алла тағала дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін!» – деді.

Алматылық жамағат Қадір түніне дайындықты ауызашардан-ақ бастап кетті. Қадір кешіне жиналғандар биылғы жылы күннің ұзақтығы мен ыстық болғанына қарамастан, парыздарын қиналмастан өткізіп жатқандарын айтады. Биыл бірінші рет ораза ұстаған 27 жастағы Махамбет есімді жігіт Қадір түнінде таңғы сәресіге дейін көз ілмей отырғанын айтты. «Бұрын әр нәрсені сылтау етіп ораза ұстамаушы едім,  бірақ ауыз бекіткеннен кейін оның еш қиындығы жоқ екенін сездім. Енді намаз оқып, құлшылық етуге ниеттеніп жүрмін», – дейді ол.

Бірінші оқиға: зейнеткерлікке шыққан 72 жастағы Мәнен қария әлі күнге дейін ораза ұстайды. «Ораза ұстап келе жатқаныма 18 жыл болды. Ауыз бекіткен сайын ерекше қуат аламын, бойымда сергектік пайда болады. Кезінде Кеңес Одағы тұсында бүгінгі күндегідей ораза ұстап, имандылықты насихаттау мүмкін болмады. Ал қазір мешітке келген жастарды көріп, көңіл қуанады», – деді бізге ізгі ниетін жеткізген ақсақал.

Мешітте бас имам Нұрбек Есмағанбет Қадір түнінің қасиеті мен қадірі жайлы уағыз айтты. Сондай-ақ, жиналған жамағатқа Қасиетті түннің әр сәтін тиімді пайдалану қажеттілігі айтылып, мешіт ауласындағы үлкен экраннан «Асыл арна» телеарнасынан тікелей эфирде берілген бейне фильмдер мен бағдарламалар көрсетілді.

Екінші оқиға: Алматы Орталық мешітіне жиналғандардың басым бөлігі жастар. Мешітке, оның ауласына сыймаған халық көше бойлап уағыз тыңдап, бірі кітап оқып жатты.

Muftiyat.kz
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
23.
24.
25.
26.
27.
28.
29.
30.
31.
32.
33.
34.
35.
36.
37.
38.
39.
40.
41.
42.
43.
Комментарии
+1
Muslim M
00:4425.07.2014
 
Shymkenttin ortalyk meshtinde de adam ote kop boldy, kadyr tuny mubarak bolsyn jamagat!
 
 
0
Muslim M
00:5025.07.2014
 
http://otyrar.kz/2014/07/bolee-7000-musulman-proveli-noch-predopredeleniya-v-mecheti-yuko/
 
 
0
DK
11:5025.07.2014
 
Жамагат дастарханга сыймай жатыр.
 
 
0
DK
11:5925.07.2014
 
http://mix.tn.kz/userdata/gallery/gallery_438/thumb_b/photo_11110.jpg
 
 
0
DK
11:5925.07.2014
 
http://mix.tn.kz/userdata/gallery/gallery_438/thumb_b/photo_11111.jpg
 
 
+4
Бекбол
04:1426.07.2014
 
Ассалямуалейкум, а у нас в Актау после фаджра на небе такое было, что аж дух захватывает. Вышли надписи: Ля иЛяха иЛлах, потом Мухаммад (салалЛаху алейхи уассалям). Имамы сделали несколько снимков. Джамагат не расходился почти до самого рассвета. Аллаху акбар!!!
 
 
+2
Murat
04:2026.07.2014
 
Уалейкум ассалям!
Фото в студию!!!
 
 
0
Бекбол
09:2528.07.2014
 
не умею ставить фото. вот ссылка
http://news.nur.kz/323375.html
 
 
0
*М А Р А Т*
04:4926.07.2014
 
Альхамдулилля!
 
 
0
المدينة
04:1227.07.2014
 
 
 
0
المدينة
04:1327.07.2014
 
Семейліктер аспаннан "Алла" деген жазуды оқыды. Қасиетті Қадір түнін қарсы алған жамағат көкте жаратушының есімі жазылғанын байқап, оны бірден суретке түсіруге асыққан.
Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/323588.html
Таңға дейін жаратқаннан тілек тілеген жұрт аспандағы жазуды көріп, оны тылсым белгіге балап, таңырқаған деп хабарлайды КТК арнасы.
Төте жазуды түсінетін кейбірі одан "Алла – жалғыз жаратушы" деген тіркесті оқыпты. Өзгелері мұны ұшақтың ізі шығар деп ойлаған.
Ал дін қызметкерлері бұл араб әріптері екенін растап отыр. Алайда олардың ойынша, бұл "Алла" емес, "Мұхаммед" дегенге келіңкірейді. Қалай дегенмен, имамдар мұны қасиетті түнде жаратушы жіберген белгіге балауда.
"Арабша әріптерге ұқсайды. "Мұхаммед" деген мағынадағы "сүмим", "һа", "суат" деген сияқты әріптерге ұқсайды. Біз қазақ ырымшыл халықпыз ғой. Бұл да бір игіліктің, жақсылықтың белгісі шығар, нышаны шығар деп ойлаймын", - деді Семей қалалық орталық мешітінің наиб-имамы Бекзат Баешов.
Источник: КТК арнасы
Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/323588.html
 
 
0
المدينة
04:1527.07.2014
 
Субхан Аллах, первое фото в статье завораживает.
Ма шаа Аллах!
 
 
Фотогалерея закрыта от комментирования