Алматы қаласының мешіттерінде мерекелік Айт намазы оқылды

Рейтинг:

   
   
 

Алматы Орталық мешітінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6: 30 да қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік Айт намазы оқылды.

Айт намазына Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы – Нұрбек Есмағанбет және де Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының өзге де қызметкерлері қатысты.  

Дәстүр бойынша, Айт намазы қасиетті Құран Кәріммен басталып, Бас Мүфтидің мерекелік уағызымен аяқталды. Өз сөзінде Ержан қажы Малғажыұлы осы Рамазанды тағатсыз қарсы алып, оны құлшылықпен өткізе білген әрі ораза тұтып, күнәлардан аулақ жүрген жанды Алланың мейірімі мен үлкен қарымы күтіп тұрғанын жамағаттың есіне салып өтті. Сөз соңында хазрет барша жамағатты және Қазақстан халқын оразаның аяқталуымен құттықтап, барша мұсылмандардың осы қасиетті айдағы жасаған сауапты амалдары қабыл болсын деп тіледі.

Мүфтидің жылы лебізінен соң жамағат бас имам Нұрбек Есмағанбеттің басшылығымен Айт намазын оқыды. Айт намазы аяқталған соң намазға қатысқан жамағатқа мерекелік дастархан жайылып, қонақтар алуан түрлі астардан дәм татты. 

Меркелік Айт намазы Алматы қаласының мешіттерінде бір уақытта өткізілді. Уақыт айырмашылығын ескере отыра Қазақстанның барлық мешіттерінде мерекелік айт намазы бүгін оқылады.

Алматы Орталық мешітінің ұжымы барша мұсылмандарды Рамазан айының аяқталуымен құттықтап, екі ғұмырдың жақсылығын тілейді. Алла Тағала сізден де, бізден де қабыл алсын!

2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
23.
24.
25.
26.
27.
28.
29.
30.
31.
32.
33.
Фотогалерея закрыта от комментирования