Алматы қаласының мешіттері сенбілік өткізді

Рейтинг:

   
   
 
Бүгін 11 қазан күні Алматы қаласы бойынша жалпы қалалық сенбілік өтті. Тазалық  иманнан деген ұранмен, Алматы қаласының мешіт қызметкерлері мен жамағаты да қала тазалығына өз үлестерін қосты.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбеттің қатысуымен Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан Ардагерлер үйінде сенбілік өтті. Сонымен қатар,  мешіт аулалары мен аумағында орналасқан көшелер мен Орталық мешіттің маңайындағы мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған түзету орталығында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөледі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі болсын) хадистерінде тазалықты әспеттеп: «Тазалық — иманың жартысы», «Тазалық – намаздың кілті», деген.

Құран кәрімде де: «Алла Тағала көп тәубе етушілерді және тазаланушыларды жақсы көреді.» (Бақара: 2:222)

Демек тазалық – иманның көрсеткіші. Себебі айналасы таза болған адамның ниеті мен амалы да сондай таза болмақ.

Алла Тағала бәрімізге тазалыққа қатты көңіл бөлуші құлдарынан болуды нәсіп етсін деп тілейміз!
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
23.
24.
25.
26.
27.
28.
29.
30.
31.
32.
33.
34.
35.
36.
37.
38.
39.
Комментарии
+3
Дымбілмес
23:3311.10.2014
 
Қала тұрғындары үшін жақсы бір үлгі болды. Керемет!
 
 
+1
Алмат_Атырау
23:5611.10.2014
 
Mashallah.Allah razi bolsin
 
 
0
Брат Ханафит
14:4020.10.2014
 
Ассаламу алейкум уа рахматуллохи уа баракатуху! как хорошо братья заработали сауаб! пусть Аллах субхан уа тагала всех вас обрадует в ахираете раем!
 
 
Фотогалерея закрыта от комментирования