Түркістанның ханакасы

Рейтинг:

   
   
 
«Бісміллә» деп баян еттім хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып,
Мен"дәптер сәни" сөзін аштым, міне.

Сөзді айт
тым кімдерге де етсе талап,
Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап.
Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап,
Діні қатты халайықтан қаштым, міне...

Қожа Ахмет Яссауи
 
Қазіргі кезде Түркістан жайлы сөз қозғалғанда, көз алдымызға не елестейді: хан ордасы ма, сопылық ханака ма, әлде қазақ әміршілерінің, батырларының, билерінің, тағы басқа да әйгілі адамдардың жерленген жері ме?

Шындығында, жоғарыда аталған нәрселердің бәрінің Түркістанға қатысы бар. Соның бәрі Мұхаммед Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жасына жеткенде жер бетіндегі өмірден бас тартқан Алланы сүйген сопы – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде орналасқан.

Оның жер бетіндегі өмірден бас тартқаны мүлде өмірден бас тартты деген сөз емес. Ол өмірінің ақырын ой толғап, Құдайға құлшылық жасап, жер асты қылуетінде өткізді.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта Түркістанға қатысты екі түрлі жағымсыз пікір қалыптасып қалған.

Бірінші пікірмен келісетіндер алаяқтардың, дуагерлердің, бақсылардың және көз байлаушылардың ықпалымен Түркістанды кіші қажылық жасалатын жер деп санайды. Олар Түркістанға үш рет баруды Меккеге барумен және кіші қажылық жасаумен салыстырады.

Бірден айта кетейік, мұның бәрінің Исламға ешқандай қатысы жоқ. Әдетте «Орда», «Ата Жолы» және басқа да оккульттік-діни секталардың бақсылары мен алаяқтары ұйымдастыратын Түркістанға сапарға Исламның негіздерін білмейтін, қиын жағдайға тап болып, содан шығудың амалын қарастырып жүрген надан адамдар барады.

Қазіргі кезде басына іс түспейтін адам бар ма? Әрине, жоқ. Бұл әлемде өмір сүрудің шарттарының бірі – қиындық пен оны еңсеру болып табылады. Өйткені, біз мұнда сынақ үшін жіберілгенбіз.
Сол себепті, әр адамның басында қиындық бар: әйелімен, әке-шешесімен, туыстарымен, әріптестерімен туындайтын келіспеушіліктер. Денсаулықтың нашар болуы, ақшаның жетіспеушілігі, достармен арадағы қиындықтар.  Үнемі жолыңның болмауы, мардымсыз жалақы, артық салмақ. Бұл тізімді тоқтаусыз жалғастыра беруге болады.

Басқаша айтқанда, көз бояушылар кез келген адамды Түркістанға сапарға шақырып, содан кейін өмірінің жақсы жағына өзгеретініне сендіре алады. Әдетте олар адамды «дұшпандарың дуа жасаған» немесе «көре алмаушылардың көзі тиген» деп, аруақтардың «батасын» алғаннан кейін жолы ашылатынын айтып, қара бұлттың арасынан көктемгі күннің алғашқы сәулелері шуақ шашып, кемпірқосақ шығатынына, содан соң жарқын күндер басталатынына сендіреді. Тек қана Түркістанға барса жетіп жатыр.

Сол сенгіш адамдардың кейбіреулеріне «адамдарды емдейтін қасиетің бар» немесе «ғайыпты көретін қасиетің бар (көріпкелдік)» деп, ондай қасиеттің екінің біріне беріле бермейтінін тілге тиек етіп, оны дамыту керектігін құлағына құяды.

Оған адам масаттанып қалады. Өйткені, әрбір пенде өзін ерекше санайды, ғажайып қабілеті болғанын қалайды. Бірақ, ол қабілетін дамыту үшін жиі-жиі Түркістанға барып тұруы қажет және топқа адам жинауы қажет. Сөйтіп, адам бірте-бірте сектаның қаржылай демеушісінен кәдімгі қолшоқпарына айналып шыға келеді, содан соң өзі де жаңа құрбандарды ұйымға тарта бастайды.

«Қасиетке» ие біреулері болса, өмір жақсарады деген үмітпен «қасиетті жерлерді» зиярат етуін бәрібір жалғастыра береді.

Айта кететін маңызды жайт, «қасиетті жерлерге» Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстан-бабтың кесенелері ғана емес, басқа да көптеген жерлер кіреді: олардың туыстарының мазарлары, төмпешіктер, араларынан күнәһар адам өте алмайтын құзды тастар және т.б... Әр жердің өзінің міндеті мен көңіліңе тылсым үрей ұялататын жан тебірентерлік хикаясы бар.

Оған қоса, олар Құран оқиды, ақ киім киеді және басқа да исламдық немесе исламның маңайына жақын рәсімдер жасайды. Қысқасы, егер адамның бастапқы діни сауаты жоқ болса, олар өздерінің керекті нәтижелеріне қол жеткізеді.

Түркістанға қатысты қалыптасып қалған екінші пікір – бұл қай жағынан алсаң да, бәрін ширк пен харам деп санау.

Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін зиярат ету – ширк. Ол жерде Құран оқу – ширк. Ол жерде дұға жасау – ширк. Осыларды жасаған адам – молаға табынушы, дінсіз кәпір, сопы.

Осының бәрінің мұсылмандардың санасына өзгерместей сіңіп қалғаны соншалық, өздерін классикалық сүнниттік мектептердің жолын ұстанушыларға жатқызатындардың өзі әулилерді, ғұламаларды және Ислам қаһармандарын зиярат ету туралы жақтырмай, кекетіп айтады.

Ал, біздің ғұламалар мазардың басында Құран оқуға тыйым салынбайтынына бірауыздан келіскен. Оқылған Құранның сауабын өлген адамға бағыштауға тыйым салынбаған. Мазардың басында Аллаға дұға жасауға тыйым салынбаған. Оның үстіне, бұлар абзал амал болуы да мүмкін.

Себебі, мазардың басында оқылған Құран марқұм болған адамның азабын жеңілдетеді емес пе? Ал, егер ол азап шегіп жатпаған болса, онда оқылған Құран оның қуанышын арттырады. Діндар адамның мазарының басында жасалған дұғаның қабыл болу ықтималдығы жоғары. Өйткені, діндар адамның қабірі – Алла Елшісі, оған Аланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқандай, Жәннаттың бақшаларының бірі.

Кімнің діндар, кімнің діндар емес екенін Алла ғана біледі деудің қажеті жоқ. Біз кәміл білім Иесі тек қана Алла екенін білеміз.

Бірақ, біз мұсылман адам жайында жақсы пікірге және сыртқы белгілеріне қарап қорытынды шығарамыз. Егер адам үлкен күнәлардан іргесін аулақ салып, тақуалыққа толы өмір сүрген болса, біздің ол жайындағы ойымыз жақсы болады, оның жүрегіне қатысты ештеңе кесіп-пішпейміз. Өйткені, адамның жүрегінде не барын Алла ғана біледі, ал, біз, адамдар, тек қана сыртқы белгілерге қарап ой пішеміз.

Егер өлген адамның сыртқы белгілері жақсы болса, ол туралы жақсы ойлаймыз. Ал, егер жаман болса, не оны ақтап алуға бір себеп іздейміз, не Алланың құзырына қалдырамыз, әрине егер Шариғат басқаша әрекет етуге міндеттемеген болмаса.

Әйтпеген жағдайда, адамның кез келген нәрсеге күмән келтіруі ғажап емес, тіпті иманға да. Бұл дүниеден озған адамның жүрегінде не болғаны Аллаға ғана аян емес пе? Алайда, біз өзімізге белгілі жағдайларға қарап тұжырым жасаймыз да, белгісіз тұсына араласпаймыз.

Мұның бәріне Шариғатта дәлелдер бар. Алайда, бұл ғылыми еңбек емес, біз де имам емеспіз.

Біздің мақсатымыз - жай ғана Түркістанның басты зияраттары – Қожа Ахмет Яссауи мен оның ұстазы Арыстан-бабтың кесенесінің қандай екенін көрсетіп, соларға қатысты кейбір аңыздар мен үрейлерді сейілту, сонымен қатар, олардың біз үшін, тарихымыз үшін және болашағымыз үшін қандай маңызы барын аз да болса баяндап беру, инша Аллах.

1. «Арыстан-баба» мешіті. Кесенеге жақын маңда орналасқан. Оның кешенінің аймағында қонақ үй, асхана және медресе бар. Осы аталғандардың ішінен жұмыс істеп тұрғаны қонақ үй екен. Тахаратхана таппағандықтан, сол жерде дәрет алуға мәжбүр болдық. Тахаратхананың қай жерде орналасқаны бізге сол күйі жұмбақ болып қала берді. Есесіне, қонақ үйдің қай жерде екенін көрдік.

2. Зияраттың ережелері мен әдептері. Алғашында осының бәрін репортажымызға жазамыз деп ойлағанбыз. Бірақ, оның дайын түрі бар екенін көргеннен кейін, жай ғана суретке түсіріп алуды ұйғардық.

Дұрысы, бұл тақтай кесенелердің алдына қойылуы керек. Өйткені, көп жағдайда адамдар мешітке бармай, кесенеге барады ғой.
3.
4.
5.
6.
7.
8. Дегенімен, бөлменің ішкі көрінісіне жарасып-ақ тұр. Пайдасын айтсаңызшы, әсіресе, қыста және жазда.
9.
10. Сірә, мынау мешіттің әйелдер бөлмесі .
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17. Мешіттің дәлізінде көне кітаптар сақталған шкаф бар. Оқуға болмайды, көруге болады.
18.
19. Аятуль-Курси.
20.
21.
22. «Арыстан-баба» кешенінің аймағына кіретін қақпа. Кейбіреулер осы жерде түнеп шыққан адамға Арыстан баба көмектеседі деп ойлайды.

Қадірлі ағайын. Алладан басқа ешкім көмектеспейді. Ешқандай қажеттілік туындамаса, әдейілеп келіп, бұл жерге түнеудің қажеті жоқ. Ең дұрысы, үйіңізде түнегеніңіз абзал, ал, дұғаны тек Аллаға ғана жасау керек. Әйтпесе, көп құдайға табынып немесе Аллаға серік қосып, ең үлкен күнәлардың біріне батуыңыз ғажап емес.
23. Арыстан-баб кесенесі. Оның бастапқы құрылысынан ештеңе де қалмаған. Аңызға сәйкес, әмір Темір түсіне кірген шейх Ахмедтің әмірі бойынша, Қожа Ахмет Яссауиге кесене салмас бұрын, оның ұстазына кесене тұрғызған. Осы аңыз мынадай заңдылықтың қалыптасуына негіз болған: алдымен ұстазын зиярат етіп, содан соң оның әлдеқайда әйгілі шәкіртін зиярат ету. Бұл заңдылықты жергілікті ғұрып деп тануға да болады.

Айтпақшы, Темірдің соққан құрылысы да осы күнге дейін жетпеген. Бәрі жақтырмаса да, пайдаланатын Уикипедияның ақпаратына сәйкес, соңғы құрылыс 1971 жылы жүргізілген.
24.
25. Шейхтің шәкірттерінің күмбездері.
26. Арыстан-бабаның мазарының күмбезі. Кең таралған аңызға сәйкес,  Арыстан-баба Мұхаммед Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүздеген жыл өмір сүрген сахабасы болған. Ол Қожа Ахмет Яссауи туылғанға дейін өмір сүріп, оған Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «аманат» – құрманың сүйегін табыстаған. Кейбір риуаяттарда тіпті сол сахабаның аты Салман әл-Фариси, Алла оған разы болсын, деп нақтылап айтылады. 

Бұл аңыздың ешқандай растайтын дәйектері жоқ және Исламның шынайы тарихына еш қатысы жоқ.

Мұндай нәрселерге сенгісі келетіндер Абдулла Ибн Омардан жеткізілген мына сенімді хадисті оқуы тиіс: «Бірде түнде Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бізбен бірге құптан намазын оқып болып, екі жағына сәлем беріп, орнынан тұрды да, былай деді: «Осы түнді есте сақтап қалыңдар! Осыдан жүз жылдан кейін Жер бетінде қазір өмір сүріп жатқан адамдардың бірде-бірі тірі қалмайды». Ибн Омар былай деген: «Сонда адамдар Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөздерінен қорқып, жүзжылдық жайында хадистерді тарата бастады. Бірақ, Алла Елшісі былай деді: «Осыдан жүз жылдан кейін Жер бетінде қазір өмір сүріп жатқан адамдардың бірде-бірі тірі қалмайды». Ол «бұл ұрпақ» дүниеден озады» дегенді меңзеген болатын». Муслим.

Осылайша, Арыстан-баба сахаба болған деуге ешқандай негіз жоқ.
27. Мазарларға қарама-қарсы жақта мынадай мешіт орналасқан.
28. Мешіттің алдындағы бөлек бөлмеде ежелгі жәдігерлердің бірнешеуін көруге болады: кітаптар, құрма сүйектерінен жасалған тасбих және сыртында 14-ші ғасыр деп көрсетілген ағаш тіреулер…
29.
30.
31. Әмір Тимурдың бұйрығы бойынша салынған Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне жақындап келеміз. Ол бұрынғы ескірген кесененің үстінен жаңа ғимарат тұрғызуға әмір еткен. Ол ғимарат кейін қазақ хандарының резиденциясы мен қорымына айналған.

Бір айта кететін жайт, Қожа Ахмет Яссауидің өзі мұндай орасан кесене салуға тілек білдірген емес. Тірі кезінде-ақ жайлы өмір мен қолайлылықтан бас тартқан адамға оның қажеті шамалы болған шығар, сірә.
32.
33.
34. Осында жерленген хандардың, батырлардың, билердің, тағы басқа да әйгілі адамдардың аттары қара мәрмәрге жазылған. Бұл тізім кесененің ішінде де бар. Кейінірек оған толығырақ тоқталып өтеміз.
35.
36. Кесенеге неке қидыратын адамдар көп келеді. Өкінішке орай, олардың көпшілігі әдепсіз түрде киініп, бейбастақ қылық көрсетіп, Аллаға және осында жерленген жандарға үлкен құрметсіздік танытады.
37.
38.
39.
40.
41. Бірінші зал - қазандық. Бұл жерде Орта Азиядағы ең үлкен тайқазан орналасқан. Мәліметтерге сәйкес, оның диаметрі - 2,45 метр, салмағы - екі тонна.
42. Зер салып қарағанда, қазанның беті ағаш қақпақпен жабылғаны байқалады. Бұл - ырымшыл әккілер қазанға тиын лақтыра алмас үшін  жасалған дүние. Олардың не үшін олай істейтіндері белгісіз: жолым болсын деп пе, әлде бұл жерге тағы да қайтып келу үшін бе, әйтеуір олар дегендерінен қайтпастан тиынын лақтырып кетеді. Күзетші ары қарай бергені сол еді, икемсіз көрінген бір әйел қазанға тиынын лақтырып үлгерді. Тиын қақпақтың үстіне түскен бойда, күзетші «Не деген адамсыңдар өзі» дегендей бұрылып, жақтырмай қарады.

Қазан ашық болғанда қайтер еді... Онда қазанға қанша сома жиналатынын елестетудің өзі қиын.

Ақша демекші, тайқазанның айналасында әлем елдерінің ақшалары ілінген тақтайшалар бар. Оны бұл жерге іліп қойғандары орынсыз көрінеді.
43. Қазанның сыртына Құран аяттары мен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадистері жазылған. Қазанның сыртына: «Шынайы билік - Аллаға тән» деген сөз жиырма екі рет қайталап жазылған. Бұдан басқа да жазулар бар, олардың ішінде:

«Мейірімді Патша таңдаған халықтардың ұлы билеушісі – әмір Темір Гурган, Алла Тағала оның патшалығын нұрландырғай, Исламның шейхы, әлем шейхтарының сұлтаны, шейх Ахмед әл-Ясауидің, Алла оның рухын нұрландырғай, мазарына арнап, су ішуге арналған осы жерді салуға әмір етті. 801 жылдың 20-шы шәууәл айы».

«Барлығына Иелік Етуші Аллаға мұқтаж оның әлсіз құлы – ұста Шараф әд-дин Тебризидің ұлы ұста Әбд әл-Әзиз жасаған».
44. Ұмытылған ақшалар, сол бір өткен заман. Бұрын 3 теңгеміздің болғаны есімізде де жоқ. Назар аударыңыздар, Шоқан Уәлихановтан басқаларының бәрі - сақалды.
45. Шейх Қожа Ахмет Яссауи жерленге бөлме – қабірханаға кіретін есік. Есік жабық, жоғары мәртебелі қонақтарға ғана ашылады.
46.
47. Мемориалдық кешенге Қазақстан Президенті сыйға тартқан Құран.
48.
49. Қожа Ахмет Яссауи, Есім Хан, Жәнібек Хан, Жәңгір Хан, Тәуке Хан, Абылай Хан, Бөкей хан…

Барлығы – 164 адам. Хандар, батырлар, билер, Ислам ұстаздары. Кей мазарлардың кімге тиесілі екені анықталмаған. Дегенмен, олардың барлығы дерлік қазақ халқының тарихында із қалдырып кеткен.

Шын мәнісінде, бұл – Мемориалдық кешеннің негізгі нүктесі. Бұл жерге қарап, мұның жай ғана Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі емес, қазақ халқының ең ұлы ескерткіші екенін түсінесің.

Бір ақылды қазақстандық сәләфиттің: «Қазақ ұлты мен қазақ мемлекеттілігі Исламмен тығыз байланысты», - деген сөзі есімізге келді. Ол Исламның басты насихаттаушыларының бірінің қасында Қазақ хандығының әміршілері мен батырлары жерленген Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін соның дәлелі ретінде келтірді.

Олардың бұл жерге жерленуі бекер емес. Бұл қазақ халқының, қазақ тарихының және қазақ мемлекеттілігінің Исламмен тығыз байланысының бұлтартпас куәсі болып табылады.

Сәләфит бауырымыз өте дұрыс айтты. Бірақ, ол бір кішігірім болса да, маңызды жайтты ескермей кетті – Қожа Ахмет Яссауи сопы болатын. Бұл – жалпыға мәлім жайт. Бірақ, ол соны айтпай кетті.

Өйткені, сәләфитер сопылықты ұнатпайды. Бұл да бәріне мәлім.

Алайда, сопылыққа қандай көзқараста болғанына қарамастан, жер бетінде Исламды сопылардың таратқанын әрбір қазақстандық мұсылман білуі тиіс. Ол кезде таблиғшылар болған жоқ, сәләфиттер болған жоқ. Қазақ даласында Исламды насихаттау міндетін сопылар атқарды. Ал, олардың ханакасы Қазақ хандығының резиденциясына айналды. Сыйлы қонақтар мен маңызды мемлекеттік шешімдер осы жерде қабылданды.
50.
51. Абылай ханның мазарының күмбезі.
52. Өрнектеліп ойылған ағаш қоршаудың арғы жағында шейх Қожа Ахмет Яссауи жерленген. Зиярат жасаушылар осы жерде Құран оқиды.
53.
54.
55.
56. Кешеннің елге қызмет етіп тұрған мешіті. Бұл жерде жамағат намазы хабарланбайды, бірақ, оқуға болады.
57.
58.
59.
60. Пештің макеті.
61.
63. Орталық кіреберістің есігі.
63. Дверь центрального входа.
64.
65. Табалдырық.
66.
67.
68.
69.
70.
71.
72.
73.
74.
75.
76.
77. Көзі жойылмай келе жатқан бақсылықтың іздері де көрінді. Ағайын, ағаш пен орамалдарды бүлдіруді доғарыңыздаршы!
78. Кесененің алдындағы құрылыс – шілдехана.
79. Сопылық шілдехана – бұл қырық күн бойы оқшауланып, ораза ұстап, құлшылық жасауға арналған жер.
80. Оның ішкі жағы мынадай.
81. Ал, мыналар кесенені айналып, тауаф жасап жатқан жергілікті тұрғындар. Біз суретке түсіріп жатқанда, осылай айналып жүрген бірнеше адамды көрдім. Менің түсінуімше, Қажылықтағыдай, кесенені де жеті рет айналу керек екен. Айналу кезінде кейбіреулер кесененің қабырғаларына қолдарын тигізіп, беттерін сипауға тырысады.

Қадірлі ағайын. Салттық тауаф тек қана Меккедегі Қасиетті мешіт – Қағбаның айналасында жасалады. Ғұламалардың айтуы бойынша, мазардың айналасында салттық тауаф жасауға, ол тіпті Мұхаммед Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мазары болса да тыйым салынады (харам). Мазарға қолыңды, денеңді сүртіп, шүберек байлап, арнайылап мата қалдырып, басқа да Шариғатқа негізделмеген әрекеттер жасау тыйым салынған жаңалық болып табылады.

Олай істеген адам өзі ойлағандай пайдаға кенелудің орнына зиян шегіп, Алланың қаһарына ұшырайды.
82. Темірдің немересі, әйгілі астроном, Самарқандтың билеушісі – Ұлықбектің қызы - Рәбия Сұлтан Бегімнің кесенесі. Яссауи кесенесінің орталық кіреберісінің алдында кешеннің аумағында орналасқан.
83.
84. Ал, мынау қорымның айналасындағы ежелгі құрылыстардың жаңадан салынған қалпы.
85.
86.
87.
88.
89. Құлшылық жасап, Алланы еске алу үшін шейх пен оның шәкірттері бас қосуға арналған - жер асты ханаканың басталған жері.
90.
91. Олардың бас қосуы, шамамен, осындай болған.
92. Шейхтің 63 жасқа толғанда Аллаға құлшылық жасау үшін оқшауланған қылуеті.
93. Қылуеттің макеті.
94. Ішкі жағын көргіміз келіп, үңілген кезіміз.
95.
96.
97. Ортасында тұрған – Яссауидің мөрі. Екі жағында тұрған тақтайлар –тарикаттардың шежірелері. Жоғарғы жағында – зікір мен салауат: «Хасби Рабби Жалалла, Нури Ахмад Салалла, Науыр Қалби Я, Алла, Лә Илаһа ИллаЛла».
98.
99.
100.
101. Жұма-мешіт.

102. Өкінішке орай, мешіт келушілерге жабық екен. Кешеннің қызметкері оның жөндеуде екенін айтты. Біз суретке түсіретін құралымызды қабырғадан жоғары көтеріп, ішкі ауланы өзіміз көрместен түсіре салдық.

103. Жер асты моншасы. Қазір ол жердің үстінде. Бұрынғы кезде жер астында орналасқандықтан, монша қызыдырылғаннан кейін жылуын екі күнге дейін сақтап тұратын болған.

Біз мұражайға жақындай бергенде, ішінен алға қарай еңкейіп бір топ адам шығып келе жатты. Ол ұйымдасқан топ екен, автобусқа асығып бара жатты. Мен Алексейді моншада қалдырып, сыртқа шығып, солардың бірімен танысып, тілдесіп көруге бел будым. Таңдауым ақырын ғана елеусіз келе жатқан әжеге түсті. Ол менің барлық сұрақтарыма сыпайы түрде жауап берді. Оның айтуынша, ол мұнда үшінші рет келіп тұр екен. Турды ұйымдастырушылар – Исламның атын жамылып жүрген тыйым салынған, оккульттік секта «Ата жолы» екен. «Қызық, осы тыйым салынған секта атын неге жасырмайды екен» деген ойға қалдым. Тым болмаса, атын өзгертсе болар еді ғой. Бәлкім, ол ендігі брендке айналып үлгерген шығар…

Әженің айтуынша, әр адам әр түрлі мәселемен келеді. Біреудің бала көтергісі келсе, біреу жұмысқа тұрғысы келеді. «Көмегі тиіп жатыр», - дейді. Мен оны татар деп ойлап қалсам, әжеміз орыс болып шықты. «Қалай ғибадат жасайсыз?» - деген сұрағыма ол: «Олар Құран оқиды. Ал, біз әрқайсымыз өздігімізше дұға жасаймыз», - деп жауап берді. Ең соңында құрбандық шалады екен.
Қысқасы, олар бұрынғы жұмыстарын әлі тоқтатпапты. Адамдарды секталарына тартуды әлі де жалғастырып келеді. Бас тартқысы келмейтіндеріне қарағанда, жақсы ақша табатын тәрізді.

Сонымен, осы сәтті пайдаланып, тағы да ескерткіміз келеді: Түркістанға «қажылық» жасау арқылы «жол ашуға» уәде беретін, аруақтардан «бата» алатыныңызға, көріпкелдік қасиетке ие болатыныңызға, өмірде жолыңыз болатынына уәде беретін «Орда», «Ақ-Орда», «Ата жолы» сияқты басқа да топтардың бәрі – Исламның атын жамылған, жындармен байланысқан көз бояушы алаяқтар.

Олардан іргеңізді аулақ салыңыз, өз-өзіңізді алдауға жол бермеңіз.
104. Ал, монша керемет екен. Қазір жұмыс істемейтіні өкінішті-ақ.
105.
106.
107.
108.
109. Жақын маңда мешіт салынып жатыр.
110. Қасымыздан өтіп бара жатқан түйе керуені Түркістанның қазақ хандығының астанасы, Орталық Азияның сауда орталығы және ен далада Исламды таратқан Алланы сүйетін дәруіштердің бас қосатын аймағы болған заманды еске түсіріп, көріністі еріксіз толықтырды…
111. Түнерген аспанға қарамастан, осындай таңғажайып сәулетті табиғат көрінісі. Алайда, соның өзі өмірдің өткінші екенін, әрбір тірі жанның ажал дәмін тататынын және біздің барар мекеніміз – қабір екенін білдіріп тұрғандай.
 
Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені деме,
Сират көпірі тұрар кісі малын жеме.
Ел-жұрт, туыс еш қайсысы болмас жолдас,
Мәрт болғайсың: ғұмырың желдей өтер, ғарыб бас...
 
Қожа Ахмет Яссауи
 
Зиярат қабыл болсын!
Фотогалерея закрыта от комментирования